Мақат аудандық мәслихатының 2024 жылғы 16 сәуірдегі № 86-VIII "Мақат ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 маусымдағы № 97-VIII шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 24 маусымда № 5206-06 болып тіркелді

      Мақат аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мақат аудандық мәслихатының 2024 жылғы 16 сәуірдегі № 86-VIII "Мақат ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5182-06 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1 қосымшасында:

      4-тармағының 2 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға пайдалы алаңның 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатаханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы А. Шангалаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады