Мақат ауданының салық салу объектісінің елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін (К айм.) бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 18 қарашадағы № 224 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 22 қарашада № 5234-06 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 529-бабының 6-тармағына және "Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17847 болып тіркелген) сәйкес, Мақат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мақат ауданының салық салу объектісінің елді мекендерде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері (К айм.) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Мақат ауданының әкімі А. Мамбетов

  Мақат ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 18 қарашадағы
№ 224 қаулысы қосымша

Мақат ауданының салық салу объектісінің елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері (К айм.)

Елді мекеннің атауы

Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері

Аймақ коэффициенті

1

Мақат кенті

Мақат кенті І аймақ

2,0

Мақат кенті ІІ аймақ

1,9

Мақат кенті ІІI аймақ

1,6

Мақат кенті ІV аймақ

1,0

2

Доссор кенті

Доссор кенті І аймақ

2,0

Доссор кенті ІІ аймақ

1,8

Доссор кенті ІIІ аймақ

1,6

Доссор кенті ІV аймақ

1,0

3

Бәйгетөбе ауылдық округі

Бәйгетөбе ауылдық округі І аймақ

1,3

Бәйгетөбе ауылдық округі ІI аймақ

1,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады