Түркістан облысының тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының шекараларын бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 6 мамырдағы № 78 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 10 мамырда № 6530-13 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 127-бабы 2 тармағына, "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, "Тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағын, құрылыс салуды реттеу аймағын және қорғалатын табиғи ландшафт аймағын және оларды пайдалану режимін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20395 болып тіркелген) сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан облысы бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының шекаралары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі Д. Сатыбалды

  Түркістан облысы әкімдігінің
2024 жылғы 6 мамырдағы
№ 78 қаулысына қосымша

Түркістан облысының тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының шекаралары

Ескерткіштің атауы

Ескерткіш тің түрі

Орналас қан жері

Ескерткіш тің география лық координат тары

Ескерт кіштің аумағы

Қорғау аймағы ның көлемі

Құрылыс салуды реттеу аймағы ның көлемі

Қорға латын табиғи ланд шафт аймағының көлемі

Бәйдібек ауданы


1

Ақмешіт үңгірі

киелі объект

Кеңестөбе ауылынан 7 шақырым оңтүстік-шығыста

N 43°00'23.17 Е 69°42'12.65

0,95 гектар

2 гектар

3 гектар

4 гектар

Отырар ауданы


2

Отырар қалашығы, I-XVIII ғасырлар

археология

Талапты ауылының оңтүстік-шығыс шеті

N 42°51'09.5 Е 68°18'10.8

173,5 гектар

17,4 гектар

14,5 гектар

14,9 гектар

3

Оқсыз (Оксус) қалашығы, I-XIV ғасырлар

археология

Маяқұм ауылынан 8 шақырым солтүстік те, Сырдария өзенінің сол жағалау ында

N 42°57'08.0 Е 68°02'02.1

33,2 гектар

10,1 гектар

10,9 гектар

11,8 гектар

Сауран ауданы


4

Сауран археологиялық-сәулеттік кешені, I-ХІХ ғасырлар (Сауран қалашығы, ХІІІ-ХVІІІ ғасырлар)

археология

Түркістан қаласынан 40 шақырым, Батыс Европа – Батыс Қытай трассасынан 1 шақырым

N 43°31'05.7 Е 67°46'18.3

1161 гектар

63,3 гектар

63,4 гектар

64,5 гектар

Шардара ауданы


5

Ұзын ата кесенесі, ХІХ-ХХ ғасырлар

қала құрылысы және сәулет

Ұзын ата ауылынан 4 шақырым солтүстік-шығыста

N 41°44'07.8 Е 67°59'30.9

67,2 метр

22,40 метр

22,40 метр

22,40 метр


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады