Қазақстан Республикасы Орман Кодексінің 15-бабы 11) тармақшасына, 63-бабына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы "Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" № 18-02/942 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 96107 болып тіркелген) сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар жүргiзген кезде, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын және орман пайдалану құқығы шектелсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысының әкімі | Д. Сатыбалды |