ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінің 531-бабының 3-тармағына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан қаласы бойынша 1000 шаршы метрден асатын үй жанындағы жер учаскелеріне салық мөлшерлемелері 1 шаршы метр үшін 6,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілсін.
2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат төрағасы | Г. Сарсенбаев |