Қазығұрт ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 21/130-VIII шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 13 желтоқсанда № 6630-13 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 68 бабының 3), 9), 11) тармақшаларына сәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. "Қазығұрт ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" Қазығұрт аудандық мәслихатының 2024 жылғы 21 ақпандағы № 11/71-VIIІ шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6468-13 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазығұрт аудандық мәслихат төрағасы Т. Калымбетов

  Қазығұрт ауданының мәслихатының
2024 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 21/130-VIII шешіміне 1 қосымша

Қазығұрт ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске қосылған "Наурыз" тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін Қазығұрт ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:

      1) әлеуметтік көмек түрінде, бастапқы жарна сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде;

      2) әлеуметтік қолдау түрінде, бастапқы жарна сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.

      Тұрғын үй сертификаттарының сомасы әрбір алушы үшін 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалады.

  Қазығұрт ауданының мәслихатының
2024 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 21/130-VIII шешіміне 2 қосымша

Қазығұрт ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

      1. Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.

      2. "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.

      3. Толық емес отбасылар.

      4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есебімен, еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы бюджеттiк ұйымдарының мамандары және басқада салалардағы мамандар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады