Ордабасы ауданы елді мекендерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 18 маусымдағы № 245 бірлескен қаулысы және Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 маусымдағы № 16/9 шешімі. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 24 маусымда № 6540-13 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ордабасы ауданының келесі елді мекендерінің шекаралары өзгертілсін және белгіленсін:

      1) Қажымұхан ауылдық округінің Көктөбе елді мекенінің шекараларына Ордабасы ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 32,0 гектар жерлерді қосу арқылы, Қажымұхан ауылдық округінің Көктөбе елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 258,6 гектар болып белгіленсін;

      2) Бөген ауылдық округінің Бөген елді мекенінің шекараларына Ордабасы ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 6,8 гектар жерлерді қосу арқылы, Бөген ауылдық округінің Бөген елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 351,8 гектар болып белгіленсін;

      3) Қарақұм ауылдық округінің Қарақұм елді мекенінің шекараларына Ордабасы ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 8,8 гектар жерлерді қосу арқылы, Қарақұм ауылдық округінің Қарақұм елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 198,0 гектар болып белгіленсін;

      4) Шұбар ауылдық округінің Береке елді мекенінің шекараларына Ордабасы ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 1,6 гектар жерлерді қосу арқылы, Шұбар ауылдық округінің Береке елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 147,4 гектар болып белгіленсін;

      5) Шұбар ауылдық округінің Шұбар елді мекенінің шекараларына Ордабасы ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 1,2 гектар жерлерді қосу арқылы, Шұбар ауылдық округінің Шұбар елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 398,8 гектар болып белгіленсін;

      6) Бөржар ауылдық округінің Қайнар елді мекенінің шекараларына Ордабасы ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 22,1 гектар жерлерді қосу арқылы, Бөржар ауылдық округінің Қайнар елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 232,1 гектар болып белгіленсін;

      7) Бөржар ауылдық округінің Ұялыжар елді мекенінің шекараларына Ордабасы ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 36,8 гектар жерлерді қосу арқылы, Бөржар ауылдық округінің Ұялыжар елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 234,8 гектар болып белгіленсін;

      8) Бөржар ауылдық округінің Ынтымақ елді мекенінің шекараларына Ордабасы ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 284,0 гектар жерлерді қосу арқылы, Бөржар ауылдық округінің Ынтымақ елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 390,0 гектар болып белгіленсін;

      9) Бөржар ауылдық округінің Теспе елді мекенінің шекараларына Ордабасы ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 2,6 гектар жерлерді қосу арқылы, Бөржар ауылдық округінің Теспе елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 125,6 гектар болып белгіленсін;

      10) Қараспан ауылдық округінің Батыр Ата елді мекенінің шекараларына Ордабасы ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 7,0 гектар жерлерді қосу арқылы, Қараспан ауылдық округінің Батыр Ата елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 125,7 гектар болып белгіленсін;

      11) Қараспан ауылдық округінің Мәдениет елді мекенінің шекараларына Ордабасы ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 0,9 гектар жерлерді қосу арқылы, Қараспан ауылдық округінің Мәдениет елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 74,1 гектар болып белгіленсін;

      12) Қараспан ауылдық округінің Қараспан елді мекенінің шекараларына Ордабасы ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 14,3 гектар жерлерді қосу арқылы, Қараспан ауылдық округінің Қараспан елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 294,3 гектар болып белгіленсін;

      13) Қараспан ауылдық округінің Сарыарық елді мекенінің шекараларына Ордабасы ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 1,4 гектар жерлерді қосу арқылы, Қараспан ауылдық округінің Сарыарық елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 109,9 гектар болып белгіленсін;

      14) Қараспан ауылдық округінің Жұлдыз елді мекенінің шекараларына Ордабасы ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 9,0 гектар жерлерді қосу арқылы, Қараспан ауылдық округінің Жұлдыз елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 27,3 гектар болып белгіленсін;

      15) Бадам ауылдық округінің Ақбұлақ елді мекенінің шекараларына Ордабасы ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 29,0 гектар жерлерді қосу арқылы, Қараспан ауылдық округінің Мәдениет елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 282,0 гектар болып белгіленсін;

      16) Бадам ауылдық округінің Дербес елді мекенінің шекараларына Ордабасы ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 41,0 гектар жерлерді қосу арқылы, Бадам ауылдық округінің Дербес елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 200,4 гектар болып белгіленсін.

      2. Осы бірлескен Ордабасы ауданы әкімдігінің қаулысы мен Ордабасы аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Ордабасы ауданы әкімдігінің қаулысы мен Ордабасы аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ордабасы ауданының әкімі А. Оралбаев
      Мәслихат төрағасы Б. Джумабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады