Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Сайрам ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округінің Теспе елді мекенінің шекараларына Сайрам ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 132,67 гектар жерлерді қосу арқылы, Көлкент ауылдық округінің Теспе елді мекенінің жалпы көлемі 240,2313 гектар болып белгіленіп, шекаралары өзгертілсін.
2. Осы бірлескен Сайрам ауданы әкімдігінің қаулысы мен Сайрам аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Сайрам ауданы әкімдігінің қаулысы мен Сайрам аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
А. Сабитов | |
Мәслихат төрағасы | Ш.Халмурадов |