Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы бекітілсін.
2. Сарыағаш аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 қазандағы № 8-75-VIІІ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6374-13 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | С. Таскулов |
2024 жылғы 22 ақпандағы № 15-113-VIII шешімімен бекітілген |
Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидасы
1. Осы Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Үлгiлiк Қағидаларын бекiту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) қаулысына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың тәртiбiн белгiлейдi.
2. Әлеуметтiк көмек Сарыағаш ауданының аумағында тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетiледi.
1. Жалпы ережелер
3. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Сарыағаш ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) әлеуметтік көмек – Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, ауданның әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын орган Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
5) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;
6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
8) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
9) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
10) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
11) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын зерттеп-қарау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;
12) шекті мөлшер – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
13) цифрлық құжаттар сервисі – "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;
14) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "ортақ терезесі" дегенді білдіретін ақпараттандыру объектісі;
15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 27.12.2024 № 27-206-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.4. Осы Қағиданың мақсаты үшiн әлеуметтiк көмек ретiнде Сарыағаш ауданының әкiмдiгi мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi – Алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететiн көмек түсiнiледi.
5. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10–бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен көрсетіледі.
6. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылдықта 1 рет) көрсетiледi.
7. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімдерін Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі белгілейді және Сарыағаш аудандық мәслихатының шешімдерімен бекітіледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 27.12.2024 № 27-206-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.8. Учаскелiк және арнайы комиссиялар өз қызметiн Түркістан облысы әкiмдiгi бекiтетiн ережелердiң негiзiнде жүзеге асырады.
Арнайы және учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
2. Әлеуметтiк көмек алушылар санаттарының тiзбесiн айқындау және әлеуметтiк көмектiң мөлшерлерiн белгiлеу тәртiбi
9. Әлеуметтiк көмек мынадай санаттағы азаматтарға мереке және атаулы күндерi көрсетіледі:
1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуына 35 жылдығына орай 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Осы тармақшада көрсетілген санаттағы азаматтарға Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуы 35 жылдығынан кейінгі жылдары - бір жолғы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні:
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) 26 сәуір – Радиациялық апаттардың салдарын жоюға қатысқан қатысушылар және осы апаттардың құрбандарын еске алу күні:
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық аппаттар мен авариялардың салдарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға – біржолғы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні:
Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі - КСР Одағы) қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар болған әскери қызметшілерге – біржолғы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – біржолғы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – біржолғы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) 9 мамыр - Жеңіс күні:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – біржолғы 1 500 000 теңге мөлшерінде;
Майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – біржолғы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына - біржолғы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарға – біржолғы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға – біржолғы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне – біржолғы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар болған бұрынғы КСР Одағы мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – біржолғы 100 000 теңге мөлшерінде;
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға – біржолғы 20 айлық көрсеткіш мөлшерінде;
Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға – біржолғы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектігі бар болған адамдарға – біржолғы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлері, екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) - біржолғы 60 000 теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектігі бар адамдарына теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедектігі бар адам деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына) – біржолғы 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – біржолғы 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне, "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға – біржолғы 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні:
Семей ядролық сынақтар мен жаттығуларға қатысқан адамдарға, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедектігі бар болған адамдарына – біржолғы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) 1 қазан – Қарттар күніне орай:
Үйде арнаулы әлеуметтік күтімге алынған жалғызілікті қарттарға, арнаулы әлеуметтік күтімге алынған бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алатын 80 және 80 жастан асқан жалғызілікті қарттарға ай сайын 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
8) Қазанның екінші жексенбісі – мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау күніне орай:
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алатын мүмкіндігі шектеулі мүгедектігі бар балаларға біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
9) Қазақстан Республикасының "16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне" орай:
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғаларға – бір жолғы 60 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
10. Әлеуметтiк көмек мынадай санаттағы азаматтарға ұсынылады:
1) үйде оқытылып тәрбиеленетін мүмкіндігі шектеулі мүгедектігі бар балаларға ай сайын оқу жылына әлеуметтік көмек 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейін туберкулезге қарсы мамандандырылған медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық ұйымының берген тізіміне сәйкес, ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарға арнаулы жүрiп-тұру құралдарына:
Серуендеуге арналған қоларбаға, біржолғы жыл сайынғы "Әлеуметтік қызмет порталында" ұсынылған бағасы мөлшерінде;
Бөлмеге арналған қоларбаға, біржолғы жыл сайынғы "Әлеуметтік қызмет порталында ұсынылған бағасы мөлшерінде;
4) зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға шипажай немесе оңалту орталықтарына жолдама үшін, біржолғы жыл сайынғы "Әлеуметтік қызмет порталында" ұсынылған бағасынан артық емес мөлшерінде;
5) Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру немес жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы ауруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кінәсінен болған, олардың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге өтемақы, сонымен қатар адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған азаматтар мен 18 жасқа дейінгі балаларына, ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінде;
6) Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұратын әлеуметтік тұрмыстық жағдайы төмен жәрдемақыға мұқтаж азаматтарға - бір жолғы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) Әлеуметтік және инва такси қызметін ұсынуға Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектігі бар адамдарға, жүріп тұруы қиын бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға емдеу сауықтыру мекемелеріне және қоғамдық орындарға тасымалдау үшін, ай сайын 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
8) Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі.
Азаматқа (отбасына) дүлей аппаттың немесе өрттің салдарынан өрт оқиғасы орын алған мекенжай бойынша біржолғы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай көрсетіледі.
Қайтыс болған әрбір отбасы мүшесіне бір рет 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда (растайтын құжат болған жағдайда) бір рет 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Әлеуметтік көмекке өтініш жасау мерзімі – дүлей аппаттың немесе өрттің салдарынан өрт оқиғасы орын алған кезден бастап үш ай ішінде.
Бұл ретте әлеуметтік көмек ай сайын немесе үш айға бір рет төленеді.
Әлеуметтік көмектің бір жолғы төлемі арнайы комиссиямен келісім бойынша жүргізіледі және әлеуметтік келісім шарт бойынша міндеттемелерді орындауға (жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға, жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға) пайдаланылады.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде осы қағидада белгіленген азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
11. Дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде адамдар бір ай мерзім ішінде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру қажет.
12. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;
4) Сарыағаш ауданының мәслихаты ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
5) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;
6) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
7) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы.
Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі.
Әлеуметтік көмек көрсету және (немесе) адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеп-қарау үшін жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша көмек түрлерінің тізбесін Сарыағаш ауданының мәслихаты бекітеді.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 27.12.2024 № 27-206-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.13. Алушылардың жекелеген санаттары үшiн атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмектiң мөлшерi Түркістан облысы әкiмдiгiнiң келiсiмi бойынша бiрыңғай мөлшерде белгiленедi.
14. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.
3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi
15. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі.
Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі айқындайды.
Әлеуметтік көмекті алушылардың тізімдері мемлекеттік корпорацияға не өзге ұйымдарға сұрау салу негізінде не уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен электрондық түрде қалыптастырылады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 27.12.2024 № 27-206-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.16. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан (немесе өкілі, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша) жергілікті әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе қала, ауылдық округ әкіміне немесе мемлекеттік корпорацияға осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтінішпен немесе осы қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша порталға электрондық түрдегі өтінішпен жүгінеді.
Жазбаша өтініш берген кезде құжаттарды қабылдайтын маман "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – АЖ) осы қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысанда сұрау салу қалыптастырады.
АЖ-да мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) кезде өтініш беруші өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
2) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды);
3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың бірі:
дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;
өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;
әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжат;
жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжат;
жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмау фактісін растайтын құжат;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылу, пробация қызметінің есебінде болу фактісін растайтын құжат.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.
Өтініш беруші толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде осы қағидаларға 1-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.
Өтініш беруші әлеуметтік көмекке портал арқылы электронды түрде жүгінген кезде мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-на қажетті мәліметтерді алу үшін өтініш берушінің өзі сұрау салады.
Бұл ретте мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-нан келіп түскен электрондық өтініш пен мәліметтерді өтініш беруші өзінің ЭЦҚ-мен куәландырады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 27.12.2024 № 27-206-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.17. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
18. Өтініштерді, оның ішінде электрондық өтініштерді әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган түскен жұмыс күні ішінде, ал жұмыс күнінен тыс келіп түскен жағдайда – өтініш түскен күннен кейінгі бірінші жұмыс күні тіркейді.
Осы қағидалардың 8-тармағы 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш түскен кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган немесе қала, ауылдық округ әкімі өтініш берушінің құжаттарын тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайын зерттеп-қарау үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде учаскелік комиссияға жібереді.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 27.12.2024 № 27-206-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.19. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы қағидалардың 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне жібереді.
Қала, кент, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
20. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
21. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
22. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе қала, кент, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
23. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
24. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттары тіркелген күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындысы негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көрсетілген жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіден немесе қала, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту негіздері анықталған кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган шешім қабылдағанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын өтініш берушіні бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізілетіні туралы хабардар етеді.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган тыңдаудың уақыты мен күнін белгілейді, ол:
өтініш берушіні бейнеконференц-байланыс немесе өзге де коммуникация құралдары арқылы тыңдауға шақыру;
ақпараттық жүйелерді пайдалану;
өтініш берушіге өзінің ұстанымын баяндауға мүмкіндік беретін өзге де байланыс тәсілдері арқылы жүзеге асырады.
Өтініш беруші әкімшілік істі алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде алдын ала шешімге қарсылығын білдіруге немесе айтуға құқылы.
Өтініш беруші өз қарсылығын ауызша білдірген жағдайда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган, лауазымды тұлға тыңдау хаттамасын жүргізеді.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган, лауазымды тұлға өтініш берушіні тыңдау хаттамасымен танысуға мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндетті.
Өтініш беруші танысқаннан кейін үш жұмыс күні ішінде тыңдау хаттамасына өз ескертулерін беруге құқылы.
Ескертулерді қарау нәтижелері бойынша әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган осы қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 27.12.2024 № 27-206-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.25. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіге осы қағидаларға 5-қосымшаға (бас тартқан жағдайда – осы қағидаларға 6-қосымшаға) сәйкес әлеуметтік көмек көрсету туралы қабылданған шешім туралы хабарлама жолдайды.
Егер әлеуметтік көмек көрсетуге өтініште мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөмірі көрсетілсе, әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы хабарлама өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабарлама жіберу арқылы автоматты режимде жолданады.
Өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабарлама жіберу мүмкіндігі болмаса, әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган немесе мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы хабарламаны басып шығарады және оны өтініш беруші өзі келген кезде береді.
Өтініш портал арқылы берілген болса, әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы хабарлама шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің жеке кабинетіне портал арқылы автоматты режимде жіберіледі.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 27.12.2024 № 27-206-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.26. Мынадай:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін Сарыағаш аудандық мәслихаты белгілеген шектен артық болған;
4) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен әлеуметтік көмек тағайындау, осы негіз бойынша төлемді жүзеге асыруға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер алынған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартылады.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 27.12.2024 № 27-206-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.27. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінде көзделген, ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек көрсету сомаларын аударады.
Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 27.12.2024 № 27-206-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер
28. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
29. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті тәртіппен қайтарылуға жатады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
5. Қорытынды ереже
30. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзедi.
31. Атаулы күндер мен мереке күндеріне төленетін әлеуметтік көмек алушылардың санаттарын қалыптастыру үшін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган зейнетақы мен жәрдемақы алатын белсенді азаматтардың мәліметтерін алуға уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелеріне сұрау салуға бастама жасайды.
Зейнетақы мен әлеуметтік көмек көрсету жәрдемақысын алушылар жөніндегі мәліметтер осы қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
Ескерту. Қағида 31-тармақпен толықтырылды - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 27.12.2024 № 27-206-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.32. Әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдаған кезде уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері арқылы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмекті мемлекеттік корпорация арқылы төлеу процесіне бастама жасайды.
Ескерту. Қағида 32-тармақпен толықтырылды - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 27.12.2024 № 27-206-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.33. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қабылдаған әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім негізінде мемлекеттік корпорация:
біржолғы төлемдер бойынша – күн сайын;
ай сайынғы және тоқсан сайынғы төлемдер бойынша – төлем жасалатын айға дейінгі айдың 29-ы күніне әлеуметтік көмек төлеуге бюджет қаражатына сұраныс қалыптастырады.
Ескерту. Қағида 33-тармақпен толықтырылды - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 27.12.2024 № 27-206-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.34. Сұраныс қалыптастырылғаннан кейін мемлекеттік корпорация келесі жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінім жібереді.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінім түскен күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінімде көзделген сома шегінде ақшалай қаражат аударады.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган төлем жасалатын айға дейінгі айдың 27-сі күнінен кейін түскен өтінімдер бойынша мемлекеттік корпорацияға төлем жасалатын айдың 1-іне дейін әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінімде көзделген сома шегінде ақшалай қаражат аударады.
Ескерту. Қағида 34-тармақпен толықтырылды - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 27.12.2024 № 27-206-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.35. Мемлекеттік корпорация трансферттер түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде төлем кестесіне сәйкес төлем тапсырмаларын қалыптастырады және алушылардың банктік шоттарына төлеуді жүзеге асырады.
Ескерту. Қағида 35-тармақпен толықтырылды - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 27.12.2024 № 27-206-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.36. Әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымнан әлеуметтік көмек сомасы қайтарылған кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымнан мәліметтер алғаннан кейінгі үш жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйеге тиісті өзгерістер енгізеді.
Ескерту. Қағида 36-тармақпен толықтырылды - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 27.12.2024 № 27-206-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.37. Мемлекеттік корпорация ағымдағы айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік корпорацияның шотына түскен әлеуметтік көмектің артық есептелген (төленген) сомаларын әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға аударады.
Ескерту. Қағида 37-тармақпен толықтырылды - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 27.12.2024 № 27-206-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.38. Әлеуметтік көмек төлеуге байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу мемлекеттік корпорация мен әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган арасында жасалатын шарт негізінде жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағида 38-тармақпен толықтырылды - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 27.12.2024 № 27-206-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.Өтініш
Азамат________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні: ______ жылғы "___" ___________
Жеке сәйкестендіру нөмірі: ________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат түрі: _________________________
Құжаттың сериясы: _____ құжаттың нөмірі:________ кім берген: _______
Берілген күні ____________ жылғы "_____" _________
Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы ______________________________ ________________________________________________________ облысы ______________________ қаласы (ауданы) ____________________ ауылы ______________________ көшесі (шағын ауданы) _______ үй _____пәтер
Банк деректемелері:_____________________________________________
Банктің атауы _________________________________________________
Банк шотының № ______________________________________________
Телефон ___________________________
Маған ___________________әлеуметтік көмек тағайындауды сұраймын
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
Р/с № | Құжаттың атауы | Құжаттағы парақтардың саны | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлемді тағайындаған (қайта есептеген) кезде, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттемелерін орындаған кезде қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Банк шотының иесі ретінде өзім туралы, екінші деңгейдегі банктердегі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдардағы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді алуға келісім беремін.
Тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкеталық деректердің, банктік деректемелердің өзгеруі туралы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға 10 (он) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Жергілікті бюджеттен төленетін әлеуметтік көмекті есептеу үшін жеке банк шотын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жүгінуіне жол берілмейтіні туралы хабардармын.
20____ жылғы "____" ___________
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтініш берушінің (заңды өкілінің) қолы
Құжаттарды қабылдаған: ____________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)
20____ жылғы "____" ____________
______________________
"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш
Ескерту. Қағида 1-1-қосымшамен толықтырылды - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 27.12.2024 № 27-206-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
Азамат ____________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні: __________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі: ____________________________
Мемлекеттік органдардың растауы:
"Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесінен алынған деректер
Өтініш беруші туралы мәліметтер:
Жеке басын куәландыратын құжат түрі: __________________________
Құжат сериясы: __________________
Құжат нөмірі: _______________
Кім берген: _______________________
Берілген күні: _____________________
Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы:
______________________ облысы __________________ қаласы (ауданы)
___________________ ауылы _________________ көшесі (шағын ауданы) __________
үй _________ пәтер
Маған __________________ әлеуметтік көмек тағайындауды сұраймын.
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
Р/с | Құжаттың атауы | Құжаттағы парақтардың саны | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
Банктік деректемелер:
Банк атауы_______________________
Банктік шоттың № ___________________
Телефон ___________________________
Электрондық пошта ___________________________
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттемелерін орындаған, сондай-ақ төлемді тағайындаған (қайта есептеген) кезде "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Екінші деңгейдегі банктердегі, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдардағы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банктік шот иесі ретінде өзім туралы және банктік шотымның нөмірі туралы мәліметтерді алуына келісім беремін.
Тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкеталық деректердің, банктік деректемелердің барлық өзгерістері туралы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға 10 (он) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Жергілікті бюджеттен төленетін әлеуметтік көмекті есептеу үшін жеке банктік шот ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуды қолдануына жол берілмейтіні туралы хабардармын.
Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы __________________________
Өтінішке қол қойылған күні мен уақыты:
____ .___. _____ жыл ___сағат __ минут ____секунд
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың екелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 1-2-қосымша |
Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салу
Ескерту. Қағида 1-2-қосымшамен толықтырылды - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 27.12.2024 № 27-206-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне "электрондық үкімет" шлюзі арқылы өтініш берушінің, отбасы мүшелерінің ЖСН бойынша мынадай:
1) ЖТ МДҚ-дан жеке басты куәландыратын;
2) ЖТ МДҚ-дан тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы;
3) әлеуметтік көмекті төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелері туралы;
4) "ЖМБМК" АЖ-да кадастрлық нөмірі және жылжымайтын мүліктің мекенжайы туралы;
5) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі немесе "АХАЖ" АЖ-да туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (азаматтық хал актілерінің жазбалары) бойынша;
6) "АХАЖ" АЖ-да неке қию туралы куәлік бойынша (азаматтық хал актілерінің жазбалары);
7) "ҰББДҚ" АЖ-да қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы құжаттар бойынша;
8) ЖТ МДҚ-дан 14 жастан асқан қорғаншылықтағы баланың тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы;
9) "ДНЭТ" АЖ-де жеке тұлғаның Д-есебінде тұруы жөніндегі мәліметтерді алу үшін сұрау салу қалыптастырылады.
Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-сынан және ЕДБ АЖ-дан сұратылатын мәліметтерді растайтын электрондық құжаттар "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың, ЕДБ-ның ЭЦҚ-сымен, сондай-ақ сұрау салуды жүзеге асырған мемлекеттік корпорация бөлімшесі қызметкерінің немесе өтініш берушінің ЭЦҚ-сымен куәландырылады.
Ескертпе:
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖТ МДҚ – "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры;
"ЖМБМК" АЖ – "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесі;
АЖ – ақпараттық жүйе;
АХАЖ" АЖ – азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесі;
"ҰББДҚ" АЖ – "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесі;
"ДНЭТ" АЖ – "Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі" ақпараттық жүйесі;
ЕДБ АЖ – екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйесі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 1-3-қосымша |
|
Нысан |
20___ жылғы "___" __________ әлеуметтік көмек көрсетуге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Ескерту. Қағида 1-3-қосымшамен толықтырылды - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 27.12.2024 № 27-206-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
Азамат _________________________________________________________,
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
өтініш берген күні: 20___ жылғы "___" ______________,
өтініш берушінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 523 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың қағидаларының 12- тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық
емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды
ұсынуына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге
өтінішін қабылдаудан бас тартылды (керегінің астын сызу).
_____________________________________________________________________
(жауапты тұлғаның лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 2-қосымша |
Адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ
20 жылғы " "
__________________________________________________________
(елді мекен)
1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________________________________________________
2. Тұратын мекенжайы ___________________________________________
3. Өтініш берушінің әлеуметтік көмекке өтініш беруінің себептері ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ____ адам, оның ішінде
Р/с № | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Туған күні | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны) | Жұмыспен қамтылмау себебі | Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Еңбекке жарамды барлығы _________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _______ адам.
Балалардың саны: ______, олардың ішінен жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар _______ адам, оқу құны жылына _______ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдардың, мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу қажет)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
5. Тұрып жатқан жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге көрсету қажет):
____________________________________________________________________
Тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығыстар:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Отбасының табысы:
Р/с № | Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Табыс түрі | Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) | Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер | |
тоқсанға | орта есеппен айына | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
6. Мыналардың бар-жоғы:
автокөлігі (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түсетін мәлімделген табыс) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге тұрғын үйі (оны пайдаланғаннан түсетін мәлімделген табыс) ____________________________________________________________________
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі): ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
8. Отбасының өзге табысы (нысаны, сомасы, көзі): ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі: ____________________________________________________________________
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы: ____________________________________________________________________
Комиссия төрағасы:
_____________________________
_____________________________
Комиссия мүшелері:
_____________________________
_____________________________
_____________________________ _________________________________________
(қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Жасалған актімен таныстым:
___________________________________________
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы ____________________________________________________________________
Тексеру жүргізілуден бас тартамын_________________________________
Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы ____________________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
Күні _______
______________________
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 3-қосымша |
Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы
20__ ж. ___ ______
Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алуға өтініш берген тұлға (отбасы)___________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде тұлғаға (отбасыға) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті ұсынудың ____________________________________________________________________
(қажеттігі, қажетінің жоқтығы)
туралы қорытынды шығарады.
Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
Комиссия мүшелері: __________________ _______________________ __________________ _______________________
__________________ _______________________
_________________ _______________________
(қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Қорытынды қоса берілген құжаттармен ___ данада 20__ ж. "___" ___________ қабылданды.
_______________________________құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы_________________________________________________________
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 4-қосымша |
___________________________________________________________________ республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің 20__ жылғы____ № ______ әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы шешімі
Ескерту. Қағида 4-қосымшамен толықтырылды - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 27.12.2024 № 27-206-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
Өтініш беруші_____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Жынысы _______________
Туған күні ______________
Мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздеменің болу фактісін растайтын
құжаттың нөмірі және берілген күні ________________________
Арнайы комиссияның қорытындысы ( қағидалардың 8-тармағының 1), 2) және 4)
тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша):
____________________________________________________________
Әлеуметтік көмек көрсетілсін.
Әлеуметтік көмектің мөлшері: _________________________ (жазбаша)
Жиілігі: ____________________________________________ (жазбаша)
_____________________________________________ (бас тарту негізі)
әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартылсын.
Бөлім басшысы _________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Маман ___________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 5-қосымша |
20__ жылғы "___"________ _______________________________________ (әлеуметтік көмек түрі) әлеуметтік көмек көрсету туралы хабарлама
Ескерту. Қағида 5-қосымшамен толықтырылды - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 27.12.2024 № 27-206-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
Азамат ___________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні ____________________
20__ жылғы "__" _____ № ___ әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім
Тағайындалған сома:
20 __ жылғы "___" ________ бастап ____________________________ теңге
(сомасы жазбаша)
Хабарлама жауапты тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылды
_____________________________________________________________
(жауапты тұлғаның лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 6-қосымша |
20__ жылғы "___"________ _______________________________________ (әлеуметтік көмек түрі) әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту туралы хабарлама
Ескерту. Қағида 6-қосымшамен толықтырылды - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 27.12.2024 № 27-206-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
Азамат ____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні __________________
20__ жылғы "___" ____ № ___ әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту туралы шешім
______________________________________________________________
негіз (себептерін көрсету)
көрсетуден бас тартылды.
Хабарлама жауапты тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылды
______________________________________________________________
(жауапты тұлғаның лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 7-қосымша |
Зейнетақы мен әлеуметтік көмек көрсету жәрдемақысын алушылар бойынша мәліметтер
Ескерту. Қағида 7-қосымшамен толықтырылды - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 27.12.2024 № 27-206-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
Бөлімше:
Төленетін айы:
Р/с | Облыс | Өңір | Жеке сәйкестендіру нөмірі | Тегі | Аты | Әкесінің аты (бар болса) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Жалғасы
телефон нөмірі (бар болса) | Төлем түрінің атауы | Төлем коды | Қамқоршының мәліметтері (жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балалар үшін) | |||
жеке сәйкестендіру нөмірі | тегі | аты | әкесінің аты (бар болса) | |||
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |