Сарыағаш аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 53-472-VI "Cарыағаш ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 19-149-VIII шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 3 шілдеде № 6550-13 болып тiркелдi

      Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарыағаш аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 53-472-VI "Cарыағаш ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5731 тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2 – қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы С. Таскулов

  2024 жылғы 27 маусымдағы
№ 19-149-VIII шешіміне қосымша
  Сарыағаш аудандық мәслихатының
2020 жылғы 25 маусымдағы
№ 53-472-VI шешіміне 2-қосымша

Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Мынадай объектілердің іргелес аумақтарының шекараларынан 800 метр қашықтықта пикеттеуді өткізуге тиым салынады:

      1) Жаппай жерлеу орындарында;

      2) Теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады