Тұрғын үй сертификатының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Түркістан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 21/118-VIII шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 30 желтоқсанда № 6646-13 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1- бабының 2-тармағына сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1.Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы Н. Койбагаров

  Төлеби аудандық мәслихатының
2024 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 21/118-VIII шешіміне
№1 қосымша

Төлеби ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері

      Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске қосылған "Наурыз" тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін Төлеби ауданындағы тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:

      1) Тұрғын үй қарызы сомасынан 10 пайыз, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес;

      2) Тұрғын үй қарызы сомасынан 10 пайыз, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес мөлшерде айқындалсын.

      Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын біріңғай мөлшерде айқындалады.

  Төлеби аудандық мәслихатының
2024 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 21/118-VIII шешіміне
№2 қосымша

Төлеби ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

Санаттары


Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының, 68 бабына сәйкес,
халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар:

1

Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

2

жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

3

басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

4

бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;

5

мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

6

"Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26830 болып тіркелген) бекітілген аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар.

7

жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;

8

кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;

9

қандастар;

10

экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;

11

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

12

мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

13

толық емес отбасылар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады