Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түлкібас аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 3 қарашадағы № 8/3-08 "Түлкібас ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6397-13 болып тіркелген) төмендегі өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген Түлкібас ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың төрағасы | Х. Байысбаев |
Түлкібас аудандық маслихаты 2024 жылғы 13 қарашадағы № 25/5-08 шешіміне қосымша |
Түлкібас ауданының әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары (бұдан әрi – Қағидалары) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Түлкібас ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Түлкібас ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) әлеуметтік көмек – Жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган –"Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
5) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;
6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
8) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
9) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
10) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
11) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;
12) шекті мөлшер – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
13) цифрлық құжаттар сервисі – "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;
14) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "ортақ терезесі" дегенді білдіретін ақпараттандыру объектісі;
15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
3. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет, жылына 1 рет, екі жылда 1 рет) көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелерін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің дүркінділігі осы Қағидалармен белгіленеді.
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
6. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, жартыжылдықта бір рет,жылына 1 рет, екі жылда 1 рет) көрсетіледі:
1) 80 жастан асқан жалғызілікті қарттарға табысын есепке алусыз - ай сайын, 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) туберкулезбен ауыратын және амбулаториялық емдеудегі адамдарға, табысын есепке алусыз - ай сайын, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) адамның вирустық иммун тапшылығын (АИТВ) жұқтырған және диспансерлік есепте тұрған балалардың немесе АИТВ-мен ауыратын балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне- ай сайын, 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
4) АИТВ-мен ауыратын адамдарға,табысын есепке алусыз -бір рет, 50 (елу) мың теңге мөлшерінде;
5) қатерлі ісік ауруына шалдыққан тұлғаларға, табысын есепке алусыз - бір рет, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) созылмалы бүйрек жетімсіздігі ауруына шалдыққан адамдарға, жол жүрумен байланысты шығындарын өтеу үшін, табысын есепке алусыз - бір рет, 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша арнаулы жүріп-тұру құралдармен қамтамасыз етуге:
серуендеуге арналған арнаулы жүріп-тұру құралдарға - бір рет, 70 (жетпіс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бөлмеге арналған арнаулы жүріп-тұру құралдарға - бір рет, 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен солардың мүгедектігі барларға және соларға теңестірілген адамдарға, зейнеткерлерге және мүгедектігі бар адамдарға санаторий-курорттық емделуге 10-күндік жолдама алу үшін – бір рет, 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
9) мерзімді басылымдарға жазылу үшін - Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, интернационалист-жауынгерлер мен тыл еңбеккерлеріне - жартыжылдықта бір рет, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
10) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен жетпіс пайыздан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар аз қамтамасыз етілген отбасыларына және мүгедектігі бар адамдарға – бір рет, 50 (елу) мың теңге мөлшерінде;
11) дүлей апат немесе өрт салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі, залал туындаған сәттен бастап өтініш көрсету мерзімі алты айдан кешіктірмей – бір рет, 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
12) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жалғызілікті зейнеткерлер мен жалғызілікті мүгедектігі бар адамдарға тұрғын үйін жөндеуге – екі жылда 1 рет, 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
13) мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша жекетұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын жақсарту үшін:
арнаулы жүріп-тұру құралдармен қолданатын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – екі жылда 1 рет, 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
14) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға – біржолғы 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
7. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
1) 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні:
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлеріне – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні:
көп балалы аналарға, оның ішінде "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған -2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) 26 сәуір – радиациялық апаттардың салдарын жоюға қатысқан қатысушылар және осы апаттардың құрбандарын еске алу күні:
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш өлшерінде;
3) 7 мамыр – ҚР Отан қорғаушылар күні:
1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1986–1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, Чернобыль АЭС апаттың салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың отбасыларына –15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне - 435 (төрт жүз отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кенестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСР Одағы) ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) – 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) 31 мамыр – ҚР-дағы саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын еске алу күні:
Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси құғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңының белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғаларына - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні:
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдарға - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
8) 30 тамыз – ҚР Конституциясы күні:
жасына байланысты зейнетақы төлемдерін немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын және "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған, бұрынғы КСР Одағының немесе Қазақстан Республикасының ордендерімен немесе медальдарымен наградталған не бұрынғы КСР Одағының немесе Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған, не Қазақстан Республикасының құрмет грамоталарымен наградталған, не Қазақстан Республикасының ведомстволық наградаларымен наградталған адамдарға –10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
9) 1 қазан – Қарттар күні:
100 жасқа толған және оданда асқан қариелерге, жалғызбасты зейнеткерлерге және жасы ұлғаюына байланысты өзіне өзі қызмет ете алмайтын мүгедектігі бар жалғызбасты адамдарға - біржолғы 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
10) Қазанның екінші жексенбісі – мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау күні:
1,5 жастан бастап 18 жасқа дейінгі (нерв-жүйелерін ауытқуы бар) балаларға арналған жартылай стационар түріндегі күндізгі қатынау орталығындағы балаларға – біржолғы 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
11) 25 Қазан – Республика күні:
арнаулы жүріп-тұру құралдармен қолданатын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға - 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні:
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғаларына - 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
8. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмектің мөлшерін жергілікті өкілді органдар Түркістан облысының ЖАО келісу бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
10. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі.
Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО айқындайды.
Әлеуметтік көмекті алушылардың тізімдері мемлекеттік корпорацияға не өзге ұйымдарға сұрау салу негізінде не уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен электрондық түрде қалыптастырылады.
11. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан (немесе өкілі, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабаыны сәйкес берілген сенімхат бойынша) жергілікті әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне немесе мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтінішпен немесе осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша порталға электрондық түрдегі өтінішпен жүгінеді.
Жазбаша өтініш берген кезде құжаттарды қабылдайтын маман "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – АЖ) осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысанда сұрау салу қалыптастырады.
АЖ-да мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) кезде өтініш беруші өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
2) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды);
3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың бірі:
дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;
өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;
әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжат;
жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжат;
жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмау фактісін растайтын құжат;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылу, пробация қызметінің есебінде болу фактісін растайтын құжат.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.
Өтініш беруші толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде осы Қағидаларға 1-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.
Өтініш беруші әлеуметтік көмекке портал арқылы электронды түрде жүгінген кезде мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-на қажетті мәліметтерді алу үшін өтініш берушінің өзі сұрау салады.
Бұл ретте мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-нан келіп түскен электрондық өтініш пен мәліметтерді өтініш беруші өзінің ЭЦҚ-мен куәландырады.
12. Өтініштерді, оның ішінде электрондық өтініштерді әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган түскен жұмыс күні ішінде, ал жұмыс күнінен тыс келіп түскен жағдайда – өтініш түскен күннен кейінгі бірінші жұмыс күні тіркейді.
Осы Қағидалардың 6-тармағы 10), және 11) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш түскен кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі өтініш берушінің құжаттарын тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайын зерттеп-қарау үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде учаскелік комиссияға жібереді.
13. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 2,3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, тұлғаның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттарымен бірге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
14. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
15. Қажетті құжаттардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты өтініш берушінің оларды ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімді өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың тиісті мәліметтерді қамтитын деректері негізінде қабылдайды.
16. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
17. Арнайы комиссия құжаттар түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарады, қорытынды оң болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
18. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттары тіркелген күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындысы негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 14 және 15-тармақтарында көрсетілген жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту негіздері анықталған кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган шешім қабылдағанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын өтініш берушіні бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізілетіні туралы хабардар етеді.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган тыңдаудың уақыты мен күнін белгілейді, ол:
өтініш берушіні бейнеконференц-байланыс немесе өзге де коммуникация құралдары арқылы тыңдауға шақыру;
ақпараттық жүйелерді пайдалану;
өтініш берушіге өзінің ұстанымын баяндауға мүмкіндік беретін өзге де байланыс тәсілдері арқылы жүзеге асырады.
Өтініш беруші әкімшілік істі алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде алдын ала шешімге қарсылығын білдіруге немесе айтуға құқылы.
Өтініш беруші өз қарсылығын ауызша білдірген жағдайда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган, лауазымды тұлға тыңдау хаттамасын жүргізеді.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган, лауазымды тұлға өтініш берушіні тыңдау хаттамасымен танысуға мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндетті.
Өтініш беруші танысқаннан кейін үш жұмыс күні ішінде тыңдау хаттамасына өз ескертулерін беруге құқылы.
Ескертулерді қарау нәтижелері бойынша әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
19. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіге осы Қағидаларға 5-қосымшаға (бас тартқан жағдайда – осы Қағидаларға 6-қосымшаға) сәйкес әлеуметтік көмек көрсету туралы қабылданған шешім туралы хабарлама жолдайды.
Егер әлеуметтік көмек көрсетуге өтініште мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөмірі көрсетілсе, әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы хабарлама өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабарлама жіберу арқылы автоматты режимде жолданады.
Өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабарлама жіберу мүмкіндігі болмаса, әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган немесе мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы хабарламаны басып шығарады және оны өтініш беруші өзі келген кезде береді.
Өтініш портал арқылы берілген болса, әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы хабарлама шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің жеке кабинетіне портал арқылы автоматты режимде жіберіледі.
20. Мынадай:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артық болған;
4) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен әлеуметтік көмек тағайындау, осы негіз бойынша төлемді жүзеге асыруға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер алынған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартылады.
21. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Түлкібас ауданының бюджетінде көзделген, ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек көрсету сомаларын аударады.
Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады.
22. Мынадай:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тұрақты тұру үшін Түлкібас ауданынан тыс кеткен;
3)алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету тоқтатылады.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшасы осы Қағидалардың 6-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды.
Осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.
23. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
24. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
25. Атаулы күндер мен мереке күндеріне төленетін әлеуметтік көмек алушылардың санаттарын қалыптастыру үшін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган зейнетақы мен жәрдемақы алатын белсенді азаматтардың мәліметтерін алуға уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелеріне сұрау салуға бастама жасайды.
Зейнетақы мен әлеуметтік көмек көрсету жәрдемақысын алушылар жөніндегі мәліметтер осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
26. Әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдаған кезде уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері арқылы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмекті мемлекеттік корпорация арқылы төлеу процесіне бастама жасайды.
27. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қабылдаған әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім негізінде мемлекеттік корпорация:
біржолғы төлемдер бойынша – күн сайын;
ай сайынғы және тоқсан сайынғы төлемдер бойынша – төлем жасалатын айға дейінгі айдың 29-ы күніне әлеуметтік көмек төлеуге бюджет қаражатына сұраныс қалыптастырады.
28. Сұраныс қалыптастырылғаннан кейін мемлекеттік корпорация келесі жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінім жібереді.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінім түскен күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінімде көзделген сома шегінде ақшалай қаражат аударады.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган төлем жасалатын айға дейінгі айдың 27-сі күнінен кейін түскен өтінімдер бойынша мемлекеттік корпорацияға төлем жасалатын айдың 1-іне дейін әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінімде көзделген сома шегінде ақшалай қаражат аударады.
29. Мемлекеттік корпорация трансферттер түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде төлем кестесіне сәйкес төлем тапсырмаларын қалыптастырады және алушылардың банктік шоттарына төлеуді жүзеге асырады.
30. Әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымнан әлеуметтік көмек сомасы қайтарылған кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымнан мәліметтер алғаннан кейінгі үш жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйеге тиісті өзгерістер енгізеді.
31. Мемлекеттік корпорация ағымдағы айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік корпорацияның шотына түскен әлеуметтік көмектің артық есептелген (төленген) сомаларын әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға аударады.
32. Әлеуметтік көмек төлеуге байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу мемлекеттік корпорация мен әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган арасында жасалатын шарт негізінде жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 1-қосымша |
Жергілікті атқарушы
органның басшысына
___________________
Өтініш
Азамат________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні: ______ жылғы "___" ___________
Жеке сәйкестендіру нөмірі: ________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат түрі: _____________________
Құжаттың сериясы: _____ құжаттың нөмірі:________ кім берген: _______
Берілген күні ____________ жылғы "__" _________
Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы ______________________________ _______________________________________________________ облысы _____________________ қаласы (ауданы) ____________________ ауылы ______________________ көшесі (шағын ауданы) _______ үй ___ пәтер
Банк деректемелері:____________________________________________
Банктің атауы _________________________________________________
Банк шотының № ______________________________________________
Телефон ___________________________
Маған ___________________ әлеуметтік көмек тағайындауды сұраймын
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
Р/с № | Құжаттың атауы | Құжаттағы парақтардың саны | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
Жүктеу |
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлемді тағайындаған (қайта есептеген) кезде, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттемелерін орындаған кезде қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Банк шотының иесі ретінде өзім туралы, екінші деңгейдегі банктердегі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдардағы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді алуға келісім беремін.
Тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкеталық деректердің, банктік деректемелердің өзгеруі туралы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға 10 (он) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Жергілікті бюджеттен төленетін әлеуметтік көмекті есептеу үшін жеке банк шотын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жүгінуіне жол берілмейтіні туралы хабардармын.
20____ жылғы "____" ___________ ______________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтініш берушінің (заңды өкілінің) қолы
Құжаттарды қабылдаған: ______________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы) 20____ жылғы "____" ____________
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 1-1-қосымша |
Жергілікті атқарушы
органның басшысына
___________________
"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш
Азамат ____________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні: __________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі: ____________________________
Мемлекеттік органдардың растауы:
"Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесінен алынған деректер
Өтініш беруші туралы мәліметтер:
Жеке басын куәландыратын құжат түрі: __________________________
Құжат сериясы: __________________
Құжат нөмірі: _______________
Кім берген: _______________________
Берілген күні: _____________________
Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы:
______________________ облысы __________________ қаласы (ауданы) ___________________ ауылы _________________ көшесі (шағын ауданы)
__________ үй _________ пәтер
Маған __________________ әлеуметтік көмек тағайындауды сұраймын.
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
Р/с № | Құжаттың атауы | Құжаттағы парақтардың саны | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
Жүктеу |
Банктік деректемелер:
Банк атауы_______________________
Банктік шоттың № ___________________
Телефон ___________________________
Электрондық пошта ___________________________
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттемелерін орындаған, сондай-ақ төлемді тағайындаған (қайта есептеген) кезде "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Екінші деңгейдегі банктердегі, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдардағы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банктік шот иесі ретінде өзім туралы және банктік шотымның нөмірі туралы мәліметтерді алуына келісім беремін.
Тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкеталық деректердің, банктік деректемелердің барлық өзгерістері туралы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға 10 (он) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Жергілікті бюджеттен төленетін әлеуметтік көмекті есептеу үшін жеке банктік шот ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуды қолдануына жол берілмейтіні туралы хабардармын.
Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы
__________________________
Өтінішке қол қойылған күні мен уақыты:
____ .___. _____ жыл ___сағат __ минут ____секунд
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 1-2-қосымша |
Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салу
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне "электрондық үкімет" шлюзі арқылы өтініш берушінің, отбасы мүшелерінің ЖСН бойынша мынадай:
1) ЖТ МДҚ-дан жеке басты куәландыратын;
2) ЖТ МДҚ-дан тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы;
3) әлеуметтік көмекті төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелері туралы;
4) "ЖМБМК" АЖ-да кадастрлық нөмірі және жылжымайтын мүліктің мекенжайы туралы;
5) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі немесе "АХАЖ" АЖ-да туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (азаматтық хал актілерінің жазбалары) бойынша;
6) "АХАЖ" АЖ-да неке қию туралы куәлік бойынша (азаматтық хал актілерінің жазбалары);
7) "ҰББДҚ" АЖ-да қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы құжаттар бойынша;
8) ЖТ МДҚ-дан 14 жастан асқан қорғаншылықтағы баланың тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы;
9) "ДНЭТ" АЖ-де жеке тұлғаның Д-есебінде тұруы жөніндегі мәліметтерді алу үшін сұрау салу қалыптастырылады.
Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-сынан және ЕДБ АЖ-дан сұратылатын мәліметтерді растайтын электрондық құжаттар "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың, ЕДБ-ның ЭЦҚ-сымен, сондай-ақ сұрау салуды жүзеге асырған мемлекеттік корпорация бөлімшесі қызметкерінің немесе өтініш берушінің ЭЦҚ-сымен куәландырылады.
Ескертпе:
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖТ МДҚ – "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры;
"ЖМБМК" АЖ – "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесі;
АЖ – ақпараттық жүйе;
"АХАЖ" АЖ – азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесі;
"ҰББД" АЖ – "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесі;
"ДНЭТ" АЖ –"Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі" ақпараттық жүйесі;
ЕДБ АЖ – екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйесі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 1-3-қосымша |
|
Нысан |
20___ жылғы "___" __________ әлеуметтік көмек көрсетуге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Азамат _________________________________________________________,
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
өтініш берген күні: 20___ жылғы "___" ______________,
өтініш берушінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 11-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге өтінішін қабылдаудан бас тартылды (керегінің астын сызу). _____________________________________________________________________ (жауапты тұлғаның лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 2-қосымша |
Адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ
20___ жылғы_______ " " __________________________________________________________
(елді мекен)
1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________________________________________
2. Тұратын мекенжайы __________________________________________
3. Өтініш берушінің әлеуметтік көмекке өтініш беруінің себептері _________________________________________________________________ _________________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ____ адам, оның ішінде
Р/с № | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Туған күні | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны) | Жұмыспен қамтылмау себебі | Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Жүктеу |
Еңбекке жарамды барлығы _________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _______ адам.
Балалардың саны: ______, олардың ішінен жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар _______ адам, оқу құны жылына _______ теңге. Отбасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдардың, мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу қажет) ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________
5. Тұрып жатқан жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге көрсету қажет): ____________________________________________________________________
Тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығыстар: ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________
Отбасының табысы:
Р/с № | Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Табыс түрі | Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) | Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер | |
тоқсанға | орта есеппен айына | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Жүктеу |
6. Мыналардың бар-жоғы:
автокөлігі (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны
пайдаланғаннан түсетін мәлімделген табыс) ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________
қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге тұрғын үйі (оны
пайдаланғаннан түсетін мәлімделген табыс) ___________________________________________________________________
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі): ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________
8. Отбасының өзге табысы (нысаны, сомасы, көзі): ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі: ___________________________________________________________________
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы: ___________________________________________________________________
Комиссия төрағасы: __________________________ _______________________
Комиссия мүшелері: _________________________ _______________________ _____________________________ ______________________________________
(қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Жасалған актімен таныстым: __________________________________________
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы ___________________________________________________________________
Тексеру жүргізілуден бас тартамын_________________________________
Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы
___________________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
Күні _______
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 3-қосымша |
Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы
20__ ж. ___ ______
Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алуға өтініш берген тұлға (отбасы) ___________________________________________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде тұлғаға (отбасыға) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті ұсынудың
___________________________________________________________________
(қажеттігі, қажетінің жоқтығы) туралы қорытынды шығарады.
Комиссия төрағасы: __________________ ______________________
Комиссия мүшелері: __________________ _____________________ __________________ _______________________ __________________ _______________________ _________________ _______________________
(қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Қорытынды қоса берілген құжаттармен ___ данада 20__ ж. "___" ___________ қабылданды. _______________________________ құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы_________________________________
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 4-қосымша |
___________________________________________________________________ республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің 20__ жылғы____ № ______ әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы шешімі
Өтініш беруші_____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Жынысы _______________
Туған күні ______________
Мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздеменің болу фактісін растайтын құжаттың нөмірі және берілген күні ________________________
Арнайы комиссияның қорытындысы (Қағидалардың 6-тармағының 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша): ____________________________________________________________
1. Әлеуметтік көмек көрсетілсін.
Әлеуметтік көмектің мөлшері: _________________________ (жазбаша)
Жиілігі: ____________________________________________ (жазбаша)
2. _____________________________________________ (бас тарту негізі)
әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартылсын.
Бөлім басшысы _________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Маман ___________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 5-қосымша |
20__ жылғы "___"________ _______________________________________
(әлеуметтік көмек түрі) әлеуметтік көмек көрсету туралы хабарлама
Азамат ___________________________________________________ (
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні ____________________
20__ жылғы "__" _____ № ___ әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім
Тағайындалған сома:
20 __ жылғы "___" ________ бастап ____________________________ теңге
(сомасы жазбаша)
Хабарлама жауапты тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылды _____________________________________________________________
(жауапты тұлғаның лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 6-қосымша |
20__ жылғы "___"________ _______________________________________
(әлеуметтік көмек түрі)
әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту туралы хабарлама
Азамат ____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні __________________
20__ жылғы "_" ____ № ___ әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту туралы шешім ______________________________________________________________
негіз (себептерін көрсету)
көрсетуден бас тартылды.
Хабарлама жауапты тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылды ______________________________________________________________
(жауапты тұлғаның лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 7-қосымша |
Зейнетақы мен әлеуметтік көмек көрсету жәрдемақысын алушылар бойынша мәліметтер
Бөлімше:
Төленетін айы:
Р/с № | Облыс | Өңір | Жеке сәйкестендіру нөмірі | Тегі | Аты | Әкесінің аты (бар болса) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7Жүктеу |
Жалғасы
телефон нөмірі (бар болса) | Төлем түрінің атауы | Төлем коды | Қамқоршының мәліметтері (жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балалар үшін) | |||
жеке сәйкестендіру нөмірі | тегі | аты | әкесінің аты (бар болса) | |||
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14Жүктеу |