ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 мамырдағы №393 "Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау және "Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау және "Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 ақпандағы №30 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қарашадағы №912 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" қаулысына сәйкес, Сауран аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сауран ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшерін салықтық кезінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Сауран аудандық мәслихатының төрағасы | С. Байсбаев |