"Арнайы комиссия туралы ереженi бекiту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 104 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 23 ақпандағы № 56 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 27 ақпанда № 8959-16 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Арнайы комиссия туралы ереженi бекiту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 104 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3332 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Е. Кошербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады