"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3, 8, және 11-баптарына сәйкес, "Глубокое ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы" бірлескен Глубокое ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 14 тамыздағы № 313 қаулысы мен Глубокое аудандық мәслихатының 2023 жылғы 5 қазандағы № 5/5-VIII шешімінің, "Тарбағатай ауданының әкімшілік аумақ құрылысына өзгерістер енгізу туралы" бірлескен Тарбағатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 қазандағы № 8/3 шешімі мен Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 23 қазандағы № 234 қаулысының негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Глубокое ауданы бойынша:
Алтай және Верхнеберезовка кенттері ауылдар санатына жатқызылсын;
мынадай елді мекендер:
Алтай ауылының Калинино ауылы;
Кожохово ауылдық округінің Сметанино ауылы;
Краснояр ауылдық округінің Аврора станциясы таратылсын және өзге қоныстар санатына жатқызылсын;
таратылатын ауылдардың аумақтары:
Калинино қонысы Алтай ауылының құрамына;
Сметанино қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Кожохово ауылдық округінің Кожохово ауылының құрамына;
Аврора қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Краснояр ауылдық округінің Предгорное ауылының құрамына енгізілсін;
Тарбағатай ауданы бойынша:
мынадай елді мекендер:
Ақжар ауылдық округінің Сағындық ауылы;
Қарасу ауылдық округінің Өтеген ауылы;
Маңырақ ауылдық округінің Жалғызтөбе ауылы таратылсын және өзге қоныстар санатына жатқызылсын;
таратылатын ауылдардың аумақтары:
Сағындық қонысы шекаралары өзгертіле отырып Ақжар ауылдық округінің Жаңалық ауылының құрамына;
Өтеген қонысы шекаралары өзгертіле отырып Қарасу ауылдық округінің Қарасу ауылының құрамына;
Жалғызтөбе қонысы шекаралары өзгертіле отырып Маңырақ ауылдық округінің Дәулетбай ауылының құрамына енгізілсін.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Облыс әкімі | Е. Көшербаев |
Облыстық мәслихаттың төрағасы | Д. Рыпаков |