"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Д. Рыпаков |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 15 қарашадағы № 18/140-VIII шешіміне қосымша |
Шығыс Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шығыс Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Шығыс Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен наградтау тәртібін айқындайды.
2. Шығыс Қазақстан облысының Құрмет грамотасы (бұдан әрі - Құрмет грамотасы):
экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, әскери және мемлекеттік қызметтегі, құқық қорғау және қоғамдық-саяси қызметтегі елеулі жетістіктер үшін;
халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланыстарды нығайту бойынша жемісті еңбек еткені үшін моральдық ынталандыру, қоғамдық мойындауды білдіру болып табылады.
3. Құрмет грамотасымен Шығыс Қазақстан облысына сіңірген еңбегі бар азаматтар, мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері, меншік нысанына қарамастан шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұжымдары, шығармашылық ұжымдар, шетел азаматтары наградталады.
4. Құрмет грамотасымен:
наградтау сәтінде заңнамада белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар;
сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;
сот сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныған адамдар наградтала алмайды.
5. Бір адам (ұжым, ұйым) бес жыл ішінде облыстың Құрмет грамотасымен наградтауға екі рет ұсыныла алмайды.
6. Наградтау Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және өзге де мерекелеріне, мерейтойлық күндерге орайластырылады.
2. Құрмет грамотасымен наградтауға ұсыну тәртібі
7. Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынымды облыс әкімінің аппаратына меншік нысанына қарамастан мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар, қоғамдық, шығармашылық бірлестіктер, жергілікті өкілді, атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және өзге де мерекелерді, мерейтойлық күндерді мерекелеуге дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.
Ұсынымда тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы немесе ресми атауы (ұйымның, ұжымның) көрсетіледі, сіңірген еңбегі мен шығармашылық еңбегі, облыстың дамуына қосқан үлесі баяндалған мінездеме беріледі. Ұсынымға бірінші басшы қол қояды және мөрмен бекітіледі.
Ұсынымға наградтауға ұсынылатын адамның жеке басын куәландыратын құжаттың не болмаса ұйымның құрылтай құжаттарының көшірмесі қоса беріледі.
Мөрмен бекіту туралы талап жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.
8. Келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және Құрмет грамотасымен наградтау жөніндегі ұсыныстарды дайындау үшін облыс әкімінің жанынан құрылған наградалар жөніндегі комиссияға жіберіледі.
9. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді комиссияның оң қорытындысы болған кезде облыс әкімі және/немесе оның міндеттерін атқаратын адам қабылдайды.
Құрмет грамотасына облыс әкімі және облыстық мәслихаттың төрағасы немесе олардың міндеттерін атқаратын адамдар қол қояды.
10. Құрмет грамотасы жоғалған кезде телнұсқасы берілмейді.
11. Құрмет грамотасын дайындауды және наградтау мәселелері бойынша есепке алуды облыс әкімінің аппараты жүзеге асырады.
3. Құрмет грамотасының сипаттамасы
12. Құрмет грамотасы беткі жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген көк түсті папкадан және жапсырмадан тұрады.
Жапсырма типографиялық тәсілмен бүктелмеген түрде А3 форматындағы қалың жылтыр қағаздан, жан-жағына алтын түсті ою-өрнек жағылып дайындалады.
Жапсырманың беткі жағында ортасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, төменгі жағында мемлекеттік тілде "Қазақстан Республикасы", орыс тілінде "Республика Казахстан" деген жазу жазылған.
Жапсырманың ішкі жағында сол және оң жақтарында жоғарыда желбіреп тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы бейнеленген, тудың бейнесінің астында мемлекеттік тілде "Шығыс Қазақстан облысының ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ", орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА Восточно-Казахстанской области" деген жазу жазылған. Бұл ретте, мемлекеттік тілдегі "Шығыс Қазақстан облысының", орыс тіліндегі "Восточно-Казахстанской области" деген сөздер алтын бедермен, мемлекеттік тілдегі "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ", орыс тіліндегі "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" деген сөздер түрлі-түсті жазумен орындалған.
Жапсырманың сол жағында:
наградталушының атын, әкесінің атын (бар болса), тегін, лауазымы мен сіңірген еңбегін;
Құрмет грамотасына қол қоятын адамдардың лауазымдарын мемлекеттік тілде көрсету үшін орын бөлінген.
Төменгі жағында мемлекеттік тілде "Өскемен қаласы" деген жазу жазылып, наградтау жылы көрсетіледі.
Оң жағында наградталушының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), лауазымы мен сіңірген еңбегін орыс тілінде көрсету үшін орын бөлінген.
4. Құрмет грамотасын тапсыру
13. Құрмет грамотасын облыс әкімі мен облыстық мәслихаттың төрағасы немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге де адамдар салтанатты жағдайда тапсырады.
14. Наградтау жөніндегі материалдар облыс әкімінің аппаратында сақталады.