Өскемен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 3743 "Өскемен қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 23 қазандағы № 3792 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 қазанда № 9098-16 болып тіркелді

      Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 3743 "Өскемен қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24710 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда мазмұндалсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) Ішкі сауда қағидаларының 73-тармағына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      2-тармақ алып тасталсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.".

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласы әкімінің міндетін атқарушы И. Смит

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады