"Сайлау науқандары кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Риддер қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 340 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 271 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 10 сәуірде № 8997-16 болып тіркелді

      Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сайлау науқандары кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Риддер қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 340 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3885 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы";

      1 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      қаулының төменгі сол жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Келісілді" Риддер қалалық сайлау комиссиясы".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Д. Батырбаев
      "Келісілді"
Риддер қалалық сайлау
комиссиясы

  2024 жылғы 5 сәуірдегі
№ 271 қаулысына
қосымша
  Риддер қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 18 наурыздағы
№ 340 қаулысына
қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

   №

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары

1

Риддер қаласы

Индустриальная көшесі 13а, "Виктория" дүкені ғимаратының жанында

2

Риддер қаласы

Киров көшесі 26, автостанция ғимаратына қарама – қарсы

3

Риддер қаласы

Тәуелсіздік даңғылы 24, "Каратай" дүкені ғимаратының жанында

4

Риддер қаласы

Қонаев көшесі 40, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы ғимаратының жанында

5

Риддер қаласы

Гоголь көшесі 39г, "Большая аптека" ғимаратының жанында

6

Риддер қаласы

Үшінші шағын ауданы 5/1, "Ассорти вкуса" дүкенінің жанында

7

Риддер қаласы

Төртінші шағын ауданы 2, "Гастроном" дүкені ғимаратының жанында

8

Риддер қаласы

Рощин көшесі 20, дәріхана ғимаратының жанында

9

Риддер қаласы

Абай даңғылы 73б, "Услада" дүкені ғимаратының жанында

10

Үлбі кенті

Шоссейная көшесі 89, "№ 36" дүкені ғимаратының жанында

11

Үлбі кенті

Дрейман көшесі 6, "Арника" дүкені ғимаратының жанында

12

Пригородное ауылы

Совхозный шағын ауданы 8, "Любава" дүкені ғимаратының жанында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады