Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 287 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 12 сәуірде № 8998-16 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2 тармағына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Д. Батырбаев
      КЕЛІСІЛДІ:
Риддер қалалық мәслихатының
төрағасы
2024 жылғы "___" ____________
Е. Нужных

  2024 жылғы 9 сәуірдегі
№ 287 қаулысына
қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары: әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.

      2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары: клуб басшысы, музыкалық жетекші, мәдени ұйымдастырушы, кітапханашы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады