Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 - қосымшаларға сәйкес Риддер қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау схемалары мен тәртібі бекітілсін.
2. Риддер қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 230 "Риддер қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5825 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Д. Батырбаев |
2024 жылғы 11 сәуірдегі № 292 қаулысына 1 - қосымша |
Риддер қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің "№ 12 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы
2024 жылғы 11 сәуірдегі № 292 қаулысына 2 - қосымша |
Риддер қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің "Д. Қонаев атындағы № 3 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы
2024 жылғы 11 сәуірдегі № 292 қаулысына 3 - қосымша |
Риддер қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің "№ 16 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы
2024 жылғы 11 сәуірдегі № 292 қаулысына 4 - қосымша |
Риддер қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің "№ 17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы
2024 жылғы 11 сәуірдегі № 292 қаулысына 5 - қосымша |
Риддер қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің "№ 9 негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы
2024 жылғы 11 сәуірдегі № 292 қаулысына 6 - қосымша |
Риддер қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің "Шаңырақ"көпсалалы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы
2024 жылғы 11 сәуірдегі № 292 қаулысына 7 - қосымша |
Риддер қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің "№11 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы
2024 жылғы 11 сәуірдегі № 292 қаулысына 8 - қосымша |
Риддер қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау тәртібі
1-тарау. Балаларды тасымалдау тәртібі
1. Балаларды тасымалдау жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау заңнамасының талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен жүзеге асырылады.
2. Балаларды тасымалдаушы (бұдан әрі – Тасымалдаушы) жолаушылар мен багажды тасымалдауға заңнаманың талаптарын сақтаумен өзіне тиесілі автобустарды тасымалдау үшін пайдаланатын білім беру ұйымы болып табылады.
3. Тасымалдаушы тасымалдауды орындау алдында бұйрықпен балалардың тасымалдауын ұйымдастыру туралы шешімді ресімдейді, онда жүргізушінің, еріп жүрушілердің міндеттерін, жүру маршрутын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар регламенттелінеді.
4. Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда Тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тасымалданатын балаларға дереу хабарлауға тиiс.
5. Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс.
6. Тасымалдаушы балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа өз қызметкерлерінің санынан алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету әдiстерi бойынша дайындықтан және балаларды автобуспен тасымалдау кезінде қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқамадан өткен жауапты еріп жүруші адамдарды белгiлейдi.
7. Нұсқаманы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жауапты адам жүргізеді.
8. Балаларды тасымалдау үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына жауап беретін жүргізушілерге рұқсат беріледі.
9. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне мыналарға жол берілмейді:
1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;
2) жүру маршрутын өзгертуге;
3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;
4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;
5) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
6) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.
10. Ерiп жүрушi отырғызу (түсiру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есiктерi толық жабылғаннан кейiн жүргiзушiге отырғызу (түсiру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етiледi.
11. Көлiк құралы жақындаған кезде ерiп жүрушiлер балалардың оның алдынан шығуына және жүру бөлiгiнде болуына жол бермейдi.
12. Ерiп жүрушiлер балаларды отырғызу орнына ұйымдасқан тәртiпте (кiшi балаларды – екi-екiден сапқа тұрғызып) жеткiзедi. Отырғызу автобустың алдыңғы есiгi арқылы жүргiзiледi.
13. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде және аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.
14. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiлердің басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу алаңында жүргiзiледi.
15. Сапар кезiнде ерiп жүрушiлер балалардың:
1) салонда тұруына және жүруiне;
2) есiктер мен терезелерге жантаюына;
3) жоғарғы сөрелерге ауыр және орнықсыз заттарды қоюына;
4) қол жүгiн өту жолдарына және кiреберiстегi (шыға берiстегi) алаңдарда орналастыруына;
5) терезе ойықтарынан бастарын шығаруына;
6) терезеден қоқысты және қандай болса да өзге заттарды тастауға;
7) жазатайым жағдайдың алдын алуға бағытталған жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн ахуал туралы хабарламалардан басқа жүргiзушiнi көлiк құралын басқарудан алаңдатуына;
8) жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрмейтiн жағдайларда авариялық жабдықтарды пайдалануына;
9) есiктердi ашуына;
10) төбелесуiне, итерiсуiне, қимыл ойындарын ойнауға жол бермейдi.
16. Тұрақтау (аялдау) кезiнде балаларды автобустан шығару алдыңғы есiк арқылы жүзеге асырылады. Автобустан бiрiншi болып ерiп жүрушi шығады. Тұрақтау (аялдау) кезiнде ерiп жүрушi автобустың алдыңғы бөлiгiнде тұруы және балалардың түсуiн және содан кейiн балалардың жолдың жүру бөлiгiне жүгiрiп шықпауын бақылау қажет.
17. Автобустан шыққанда әрбiр бала жеке заттарын бiр қолымен көтерiп, ал екiншi қолымен баспалдақтардан түскенде тұтқадан ұстауы тиiс. Тепе-теңдiктi жоғалтпау және өзге жолаушыларды жарақаттандырмау үшiн иықпен көтерiп жүретiн рюкзактар мен сөмкелердi оқушылар иықтан шешiп, қолдарына алулары тиiс.
18. Түсiрген кезде ерiп жүрушiлер балалардың:
1) есiкке қарай қозғалғанда итерiсуiне;
2) баспалдақтардан секiруiне;
3) көлiк құралын жолдың жүргiншi бөлiгiнен айналып өтуiне, оған шығуына;
4) жүргiншi бөлiктiң маңында қимыл ойындар ойнауына жол бермейдi.
19. Түсiргеннен кейiн ерiп жүрушiлер:
1) жеткiзу орнына келген балаларды санап шығады;
2) ұйымдасқан түрде оларды түсiру орнынан және автобустардың тұрақтау алаңшаларынан ерiп жүреді.
2-тарау. Қорытынды ережелер
20. Ауданның шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау бойынша осы тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.