Глубокое аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 10/5-VIII "Глубокое ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 қыркүйектегі № 15/8-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 27 қыркүйекте № 9085-16 болып тіркелді

      Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Глубокое аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 10/5-VIII "Глубокое ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8980-16 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешімнің 1-қосымшасында:

      Глубокое ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Қағидаға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінеді.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Глубокое аудандық мәслихатының төрағасы А. Калигожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады