ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабы 5-тармағына сәйкес,Зайсан ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зайсан ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Е. Загипаров |