Зайсан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 11-4/4 "Зайсан ауданында мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамыздағы № 25/6-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 4 қыркүйекте № 9073-16 болып тіркелді

      Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зайсан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 11-4/4"Зайсан ауданында мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы"(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 24653 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Зайсан ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы";

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.";

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу үшін қажетті құжаттар шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасында белгіленген тізбеге сәйкес ұсынылады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Е. Загипаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады