Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 28.08.2024 № 25/6-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Зайсан ауданында мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 18.10.2022 № 24-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Зайсан аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы" 2016 жылғы 22 қарашадағы № 7-5 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4786 болып тіркелген);
2) "Зайсан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 қарашадағы № 7-5 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 49-4/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6510 болып тіркелген).
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы | С. Маркабаев |
Зайсан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 11-4/4 шешіміне қосымша |
Зайсан ауданында мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар қатарынан үйде оқытуға жұмсаған шағындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 18.10.2022 № 24-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Осы Зайсан ауданында мүгедектігі бар адамдар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "Әлеуметтік - еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 25 наурыздағы №84 бұйрығымен бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.
2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу) мүгедектігі бар баланың қатарындағы кемтар балаларды үйде оқу фактісін растайтын оқу орынының анықтамасы негізінде "Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
3.Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу (толық мемлекеттің қамтамасыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкілдеріне беріледі.
4. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 28.08.2024 № 25/6-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).5. Шығындарды өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
6. Оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу үшін қажетті құжаттар шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасында белгіленген тізбеге сәйкес ұсынылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 28.08.2024 № 25/6-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).7. Оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу мөлшері, жеке оқыту жоспары бойынша оқу жылы ішінде ай сайын әрбір мүгедектігі бар балаға төрт айлық есептік көрсеткішке тең.
8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.