"Алтай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" Алтай ауданының мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 4/8-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 2024 жылғы 4 қыркүйектегі № 19/5-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 10 қыркүйекте № 9075-16 болып тіркелді

      Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Алтай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" Алтай ауданының мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 4/8-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8875-16 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімге қосымшаның 5- тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен, жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін 11,3759 (он бір бүтін үш мың жеті жүз елу тоғыздан он мыңдық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтай ауданының мәслихат төрағасы Л. Гречушникова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады