Катонқарағай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 10/134-VIII "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы"

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 15/205-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 4 мамырда № 9012-16 болып тіркелді

      Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Катонқарағай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 10/134-VIII "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      Қағиданың 2-тармақтың 1 тамақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – мемлекеттік корпорациясы) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтер электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Катонқарағай аудандық мәслихатының төрағасы Б. Болаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады