Күршім ауданы бойынша 2024 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2024 жылғы 6 маусымдағы № 23/10-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 11 маусымда № 9037-16 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Күршім ауданында 2024 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесі, аудандағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнынан – 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы К. Бахтияров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады