Ұлан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 521 "Ұлан ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыруға орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 15 мамырдағы № 216 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 22 мамырда № 9019-16 болып тіркелді

      Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұлан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 521 "Ұлан ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыруға орындарды белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4696 тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлан ауданының әкімі Д. Рахметкалиев

  2024 жылғы 15 мамырдағы
№ 216 Қаулысына
қосымша
  Ұлан ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 521 қаулысына
қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

    №

Округ пен кент атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

2

3

1

Аблакет ауылдық округі

Сағыр ауылдық клубының алдындағы қалқан, Ломоносов атындағы орта мектебінің алдындағы қалқан, М. Горький атындағы орта мектебінің алдындағы қалқан, Желдіөзек ауылының Орталық көшесіндегі қалқан.

2

Айыртау ауылдық округі

"Аскар", "Мадина" дүкендерінің алдындағы, Мусин көшесінің бойындағы, Айыртау ауылындағы шаштараз ғимаратының жанындағы қалқандар, Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының психикалық денсаулық орталығы Новая Канайка ауылы бөлімінің алдындағы қалқан, Новая Канайка ауылындағы "Алтай" дүкенінің алдындағы қалқаны.

3

Алмасай ауылдық округі

Абай атындағы орта мектебінің алдындағы қалқан, Баяш Өтепов ауылдық клубының алдындағы қалқан.

4

Азовое ауылдық округі

Ново-Азовое ауылының Центральная көшесіндегі қалқан.

5

Асубұлақ ауылы

Асубұлақ орта мектебінің алдындағы қалқан, Асубұлақ кентінің дәрігерлік амбулаториясының алдындағы қалқан.

6

Багратион ауылдық округі

Привольное ауылының Лут көшесіндегі қалқан.

7

Бозанбай ауылдық округі

С. Мұқашев атындағы мәдениет үйінің алдындағы қалқан, Алғабас ауылдық клубының алдындағы қалқан.

8

Егінсу ауылдық округі

Ұлан ауылындағы "Дархан" дүкенінің алдындағы қалқан.

9

Каменка ауылдық округі

Тройницкое негізгі мектебінің алдындағы қалқан, Каменка орта мектебінің алдындағы қалқан.

10

Қасым Қайсенов кенті

"МБ" минимаркеті жанындағы қалқан, Заки Ахметов көшесіндегі қалқан.

1

2

3

11

Огневка ауылы

Панин көшесіндегі қалқан, "Иртыш" дүкені алдындағы қалқан, пошта бөлімшесінің алдындағы қалқан, "Таусамалы" теміржол станциясындағы қалқан.

12

Саратовка ауылдық округі

Саратовка ауылындағы Молодежная көшесіндегі қалқан, Ново-Одесское ауылындағы Образцовая көшесіндегі қалқан.

13

Тарғын ауылдық округі

Тарғын ауылындағы "Жангир", "Бейбарыс", "Ұлан", "Динара" дүкендерінің алдындағы қалқандар, Ізғұтты Айтықов ауылындағы Қасым Қайсенов атындағы орта мектебінің алдындағы қалқан, Жоғарғы Тайынты ауылының М. Таенов атындағы орта мектебінің алдындағы қалқан.

14

Таврия ауылдық округі

Таврия ауылының Қасым Қайсенов көшесіндегі қалқан, Пролетарка негізгі мектебінің алдындағы қалқан, Гагарин ауылының Центральная көшесіндегі қалқан.

15

Төлеген Тоқтаров ауылдық округі

Герасимовка ауылдық клубының алдындағы қалқан, Украинка орта мектебінің алдындағы қалқан.

16

Өскемен ауылдық округі

Донское ауылындағы "Пчелка" дүкенінің алдындағы қалқан, Макеевка ауылындағы "У Салимы" дүкенінің алдындағы қалқан, М. Әуезов атындағы орта мектебінің алдындағы қалқан.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады