Ұлан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 133 " Ұлан ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 2024 жылғы 23 тамыздағы № 158 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 28 тамызда № 9067-16 болып тіркелді

      Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұлан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 133 " Ұлан ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9010-16 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес, Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Г. Калиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады