Ұлан ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 15 қазандағы № 409 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 17 қазанда № 9093-16 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      Ұлан ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 1 маусымдағы № 1676 "Қылмыспен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-17-25 болып тіркелген);

      Ұлан ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 1 маусымдағы № 69 "Ұлан ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 1 маусымдағы № 1676 "Қылмыспен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-17-34 болып тіркелген).

      2. "Ұлан ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулының Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлан ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      А. Бекбосынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады