Шемонаиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 4/18–VII "Шемонаиха ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерінжәне алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 21/7-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 27 қыркүйекте № 9082-16 болып тіркелді

      Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шемонаиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 4/18–VII "Шемонаиха ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8557 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      2-тармақта:

      он бесінші және он алтыншы абзацтар алынып тасталсын;

      келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына сәйкес Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру және ветеринария саласындағы бюджеттік ұйымдарда еңбек қызметін жүзеге асыратын сұранысқа ие мамандар".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха аудандық мәслихатының төрағасы М. Желдыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады