"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 тіркелген) сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысының 2024 жылға арналған акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері бекітілсін.
2. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Турегалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылығы министрлігі
Балық шаруашылығы комитеті
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 24 мамырдағы № 117 қаулысына қосымша |
Батыс Қазақстан облысының 2024 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері
№ | Субсидия түрлері | Субсидиялар сомасы, мың теңге |
1. | Балық өсіру материалын сатып алу шығыстарын өтеуге арналған субсидиялар | |
1.1. | Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары: шабақ (30 грамға дейін) | 11 401,7 |
2. | Балық басын толықтыратын аналық балық үйірін сатып алу және оларды күтіп ұстау шығыстарын өтеуге арналған субсидиялар | |
2.1. | Тұқы, араван, жайын, лат, цихлид тұқымдас балықтар | 3 145,0 |
3. | Балық өсіру-биологиялық негіздеме сатып алу шығыстарын өтеуге арналған субсидиялар | 2 212,6 |
4. | Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеуге арналған субсидиялар | |
4.1. | Бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары | 10 000,1 |
4.2. | Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары: құрамында 19 %-дан кем емес протеині бар отандық өндірістің түйіршіктелген азығы | 3 135,7 |
5. | Дәрілік препараттарды сатып алу шығыстарын өтеуге арналған субсидиялар | 2 000,0 |
Барлығы: | 31 895,1 |