"Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесін және "Ащыөзек" республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалын (зоологиялық) қолайсыз сыртқы әсерлерден ерекше күзету және қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 16, 123 баптарына, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18, 43, 48, 53 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағы ауданы ретінде 124 381 га белгіленсін.
2. "Ащыөзек" мемлекеттік табиғи зоологиялық қаумалының аумағында шаруашылық қызметтің реттелетін режимі белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес қорғау аймағындағы табиғатты пайдалану режимі мен тәртібі белгіленсін.
4. "Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесіне қорғау аймағының шекарасын арнайы белгілермен белгілеу ұсынылсын.
5. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Ш.Айтмұхамбетовке жүктелсін.
7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы |
Т. Каюпов |