Орал қаласы әкімдігінің "Орал қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және бағыттарын айқындау және бекіту туралы" 2023 жылғы 22 қарашадағы № 2543 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 2892 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 9 қаңтарда № 7486-07 болып тіркелді

      Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Орал қаласы әкімдігінің "Орал қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және бағыттарын айқындау және бекіту туралы" 2023 жылғы 22 қарашадағы № 2543 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7289-07 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Орал қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Орал қаласының әкімі М. Байменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады