Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 – бабы 2 - тармағына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | К. Ермекбаев |
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихаты 2024 жылғы 6 маусымдағы № 15-6 шешіміне қосымша |
1. Бөрлі аудандық мәслихатының "Уәкілетті ұйымның Бөрлі ауданының Ақсай қаласында орналасқан айырбастау пункті бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 32-9 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5447 тіркелген).
2. Бөрлі аудандық мәслихатының "Бөрлі ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2019 жылғы 15 ақпандағы № 35-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5543 тіркелген).
3. Бөрлі аудандық мәслихатының "Бөрлі ауданы Ақсай қаласының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 23-10 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 тіркелген).
4. Бөрлі аудандық мәслихатының "Бөрлі ауданы Бөрлі ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 23-11 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5193 тіркелген).
5. Бөрлі аудандық мәслихатының "Бөрлі ауданы Пугачев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 23-12 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5192 тіркелген).
6. Бөрлі аудандық мәслихатының "Бөрлі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 23-10 "Бөрлі ауданы Ақсай қаласы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 12-4 шешімі.
7. Бөрлі аудандық мәслихатының "Бөрлі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 23-11 "Бөрлі ауданы Бөрлі ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 12-5 шешімі.
8. Бөрлі аудандық мәслихатының "Бөрлі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 23-12 "Бөрлі ауданы Пугачев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 12-6 шешімі.