Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 06.06.2024 № 15-6 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бөрлі ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін.
2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Б.Б.Мукашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бөрлі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 ақпандағы № 35-3 шешіміне қосымша |
Бөрлі ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
р/с № | Салық салу объектісінің атауы | Салық салу объектісінің бірлігі | Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштермен) |
---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | Бір ойын автоматы | 5 |
2. | Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | Бір ойын автоматы | 7 |
3. | Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер | Бір компьютер | 1 |
4. | Ойын жолы | Бір ойын жолы | 12 |
5. | Карт | Карт | 9 |
6. | Бильярд үстелі | Бір ойын үстелі | 8 |