Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бөрлі аудандық мәслихатының "Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 16 қазандағы № 7-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7268-07 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2- тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";
7- тармақтың 9) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"9) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен адамдарға (отбасыларға) осы жағдай туындаған кезден бастап үш ай ішінде 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштің шекті мөлшерінде, табыстарын есепке алмай, бір рет;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | К. Ермекбаев |