Жаңақала аудандық мәслихатының "Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 5 қазандағы № 10-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 2024 жылғы 7 наурыздағы № 15-6 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 13 наурызда № 7343-07 болып тіркелді

      Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңақала аудандық мәслихатының "Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 5 қазандағы №10-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7260-07 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2-тараудың 7-тармағының 1)-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) ауруын дәлелдейтін анықтамаға сәйкес емделудің амбулаторлық кезеңіндегі туберкулезбен ауыратын тұлғаларға табыстарын есепке алмай 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ай сайын;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейі күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы К. Каменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады