Жаңақала ауданы әкiмiнiң "Жаңақала ауданы аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы" 2018 жылғы 30 қарашадағы № 9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімінің 2024 жылғы 25 шілдедегі № 5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 26 шілдеде № 7415-07 болып тіркелді

      ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңақала ауданы әкiмiнiң "Жаңақала ауданы аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы" 2018 жылғы 30 қарашадағы № 9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5417 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      № 120 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 120 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Саралжын ауылы, Саралжын көшесі 4/2, "Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі ауылдық кітапхана ғимараты.

      Шекаралары: Саралжын ауылы, Тоңаша, Шоқа, Қырғын, Балапан, Тасқұдық, Қоңырқұдық, Қақпанқызыл, Қартабай, Жолқызыл, Дүзгінтөбе, Жынғылды, Қияқты қыстаулары.";

      № 126 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 126 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Салтанат ауылы, Салтанат көшесі 15/2, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жаңақала аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Салтанат медициналық пункті ғимараты.

      Шекаралары: Салтанат ауылы, Кіші Салтанат, Қоңырқұдық, Көзбен, Айпара, Інгенөлген, Саздыбөлек, Ащықызыл қыстаулары.";

      № 132 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 132 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Мәстексай ауылы, Б.Момышұлы көшесі 1/1, "Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Мәстексай ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

      Шекаралары: Мәстексай ауылы, Шомбал, Бердібек, Неғмет, Шаекен, Жанке, Өтебай, Саралжын, Ащықұдық, Көккөз-1, Көккөз-2, Көккөз-3, Бостыбай, Жанту, Қоңырқұдық, Қисық қыстаулары.";

      № 134 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 134 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Қырқопа ауылы, Д.Нүрпейсова көшесі 1/3, "Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Қырқопа ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

      Шекаралары: Қырқопа ауылы, Ақ Үй, Қызылбас, Ақсай-1, Ақсай-2, Еңбек, Күйген, Жолқұдық, Сарыгөбен, Делгір, Қаразагон, Балғын, Қарабарақ, Байтоқ, Гүрілдеуік, Жетіқұдық, Орысқопа қыстаулары.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңақала ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аким района А. Кушкинбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Жаңақала аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады