Қаратөбе аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 2024 жылғы 7 маусымдағы № 15-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 7 маусымда № 7390-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қаратөбе аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Н. Мендешов

  Батыс Қазақстан облысы
Қаратөбе аудандық мәслихатының
2024 жылғы 7 маусымдағы
№ 15-3 шешіміне қосымша

      1. Қаратөбе аудандық мәслихатының "Қаратөбе ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 29 мамырдағы № 18-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5216 болып тіркелген);

      2. Қаратөбе аудандық мәслихатының "Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 18-3 "Қаратөбе ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 10-11 шешімі;

      3. Қаратөбе аудандық мәслихатының "Қаратөбе аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 27 наурыздағы № 17-7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5122 болып тіркелген);

      4. Қаратөбе аудандық мәслихатының "Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 17-7 "Қаратөбе аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 27 сәуірдегі № 16-11 шешімі;

      5. Қаратөбе аудандық мәслихатының "Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 17-7 "Қаратөбе аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 2-2 шешімі;

      6. Қаратөбе аудандық мәслихатының "Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 17-7 "Қаратөбе аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 23 тамыздағы № 6-4 шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады