Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабына сәйкес, Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Тасқала аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Ж. Бисенгалиева |
Тасқала аудандық мәслихаты 2024 жылғы 10 маусымдағы № 23-5 шешіміне қосымша |
1. Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының "Тасқала ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 4 мамырдағы № 24-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5204 болып тіркелген) шешімі;
2. Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының "Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының "Тасқала ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 4 мамырдағы № 24-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 29 қазандағы № 12-6 шешімі.