Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 68 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 16 ақпандағы № 18 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 20 ақпанда № 7327-07 болып тіркелді

      Шыңғырлау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" 2019 жылғы 6 мамырдағы № 68 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5652 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      М. Умралеев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Шыңғырлау аудандық
сайлау комиссиясының төрағасы
______________ Н.Е.Калиев
"____" ___________2024 ж.

  Шыңғырлау ауданы әкімдігінің
2024 жылғы ___ ____________
№ ____ қаулысына қосымша
  Шыңғырлау ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 6 мамырдағы
№ 68 қаулысына қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Алмаз

Ауылдық клуб ғимаратының алды

Сегізсай

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімінің "Сегізсай негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесi ғимаратының алды

Ащысай

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

Амангелді

Ауылдық клуб ғимаратының алды

Ақбұлақ

Фельдшерлік акушерлік пункт ғимаратының алды

Ақтау

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

Ардақ

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

Қарағаш

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

Қайынды

Медициналық пункт ғимаратының алды

Ақсуат

Медициналық пункт ғимаратының алды

Шоқтыбай

Ауылдық клуб ғимаратының алды

Ұрысай

Медициналық пункт ғимаратының алды

Жаңакүш

Ауылдық клуб ғимаратының алды

Қызылкөл

Ауылдық кітапхана ғимаратының алды

Ақшат

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

Шыңғырлау

Аудандық мәдениет үйі ғимаратының алды

Шыңғырлау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Шыңғырлау" спорт клубы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің денешынықтыру-сауықтыру кешенінің ғимаратының алды

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімінің "Балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алды

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының "Шыңғырлау колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының алды

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімінің "Шыңғырлау жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды


Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денешынықтыру және спорт басқармасының "Шыңғырлау ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алды


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады