БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33441 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау тәртібінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау қағидалары";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Жобаларды айқындаудың өлшемшарттары:
1) жобалардың Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларына және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкестігі;
2) жобалардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес бюджеттік инвестициялық саясаттың басым бағыттарының біріне (экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымдық-инновациялық даму, әлеуметтік саланы жаңғырту) сәйкестігі;
3) объектілерді салу немесе реконструкциялау жөніндегі жобалардың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10666 болып тіркелген) бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларына сәйкес техникалық жағынан күрделі емес және (немесе) үлгілік жобаларға сәйкестігі;
4) жобалардың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 20 сәуірдегі № 29, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 164, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № ҚР ДСМ-50, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 243, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 113 және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 56/НҚ бірлескен бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18592 болып тіркелген) бекітілген Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкестігі болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын:
"5-1. Жұртшылық жобаға бастама жасаған және (немесе) оны бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жариялаған жағдайда мемлекеттік органдар осы Қағидаларға сәйкес Қор қаражаты есебінен оны іске асыру мүмкіндігін қарау үшін көтерілетін мәселені тиісті ведомстволық комиссияға шығаруды қамтамасыз етеді.
5-2. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға жобалар сәйкес келген кезде Қор каражатын оларды қоса қаржыландыруға жолдауға жол беріледі.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі