"Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 625 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 6 қаңтардағы № 5 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 9 қаңтарда № 35624 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 625 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33771 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы (бұдан әрі – Орталық) – "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік қызмет көрсету операторы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуі үшін құжаттарды бастапқы қабылдауды және өңдеуді Орталық жүзеге асырады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берушіден қабылданған құжаттардың тізбесі, өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), өтініш беру күні мен уақыты, сондай-ақ дайын құжаттарды беру күні көрсетілетін тиісті құжаттарды қабылдау туралы электрондық қолхат береді, өтініш берушінің өтініші бойынша қолхат қағаз түрінде беріледі.";

      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде:

      1) Орталықтың кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды 1 (бір) жұмыс күні ішінде электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеуді жүзеге асырады және Орталықтың жауапты құрылымдық бөлімшесіне орындауға береді;

      2) Орталықтың жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты қызметкерге құжаттарды жолдайды;

      3) Орталықтың жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, егер көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілген мерзімде дәлелді бас тартудың жобасын дайындайды;

      4) көрсетілетін қызметті алушы Орталықтың жауапты құрылымдық бөлімшесіне құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, Орталықтың жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын тексереді, егер қажетті деректер болмаған жағдайда 7 (жеті) жұмыс күні ішінде білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын растау және жауап алу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына сұрау салуды ресімдейді;

      5) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында оқығаны расталған жағдайда Орталықтың жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.

      Құжаттар келіп түскен сәттен бастап көрсетілетін қызметті беруші 4 (төрт) жұмыс күні ішінде құжаттарға апостиль қояды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.

      Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруі үшін тыңдауды өткізу уақыты, орны және әдісі туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Хабарлама (хабархат) тапсырыс хаттың табыс етілгендігі туралы хабарламамен тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабармен немесе электрондық мекенжай бойынша не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы жіберіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші білім туралы құжатты апостильдеу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе уәкілетті тұлғасы 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарға қол қойғаннан кейін, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде апостиль қою үшін ұсынылған құжаттарды тіркеу кітабына тіркейді, содан кейін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей дайын құжаттарды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты курьер немесе Орталықтың пошта байланысы арқылы Мемлекеттік корпорацияға беру үшін жібереді.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген кезде:

      1) Орталықтың кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды 1 (бір) жұмыс күні ішінде электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеуді жүзеге асырады және Орталықтың жауапты құрылымдық бөлімшесіне орындауға береді;

      2) Орталықтың жауапты құрылымдық бөлімшесі 2 (екі) жұмыс күні ішінде білім туралы құжаттарды қабылдауды және толықтығын тексеруді жүзеге асырады, егер порталда барлық жолдар толтырылған және қосымшалар дұрыс бекітілген жағдайда, ақы төлеуге жібереді.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы ақыны төлемесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады;

      3) көрсетілетін қызметті алушы ақы төлегеннен кейін Орталықтың жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын тексереді, егер қажетті деректер болмаған жағдайда білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын 7 (жеті) жұмыс күні ішінде растау және жауап алу үшін тиісті жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына сұрау салуды ресімдейді;

      4) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында оқығаны расталған жағдайда Орталықтың жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" 4 (төрт) жұмыс күні ішінде апостильдеу үшін құжаттардың түпнұсқаларын қызметті алушының орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы беру туралы хабарлама жібереді не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасын дайындайды.

      Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруі үшін тыңдауды өткізу уақыты, орны және әдісі туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Хабарлама (хабархат) тапсырыс хаттың табыс етілгендігі туралы хабарламамен тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, немесе портал арқылы "жеке кабинетіне" ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабармен немесе электрондық мекенжай бойынша не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы жіберіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші білім туралы құжатты апостильдеу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе уәкілетті тұлғасы апостиль қою үшін құжаттарға қол қойғаннан кейін, сондай-ақ оларды құжаттарды тіркеу кітабына тіркегеннен кейін дайын құжаттарды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей курьер немесе Орталықтың пошта байланысы арқылы Мемлекеттік корпорацияға беру үшін жібереді.";

      1 - қосымшада реттік нөмірлері 8 және 9-шы жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы немесе сенімхат бойынша өкіл Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат және (немесе) цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжат нысанында (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) апостиль қою үшін ұсынылған құжат (түпнұсқа);
4) төлем туралы түбіртек (түпнұсқа).
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электронды құжат нысанындағы сұрау салу;
2) апостиль қою үшін ұсынылған құжаттың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының бюджетке алым сомасы үшін төленгенін растайтын, жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага Конвенциясында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      _____________________

      2024 ж. "____" ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады