БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтердің мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының 2024 жылғы 14 қарашадағы № 04/276 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35371 болып тіркелді) мынадай толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтердің мөлшері:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-жолмен толықтырылсын:
" | 13 |
Қонақ үйлерді, туристік базаларды және басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді орналастыру үшін орындарды (жер учаскелерін) беру (ұзақ мерзімді пайдалану туралы шарттар бойынша) *** | 1 га | 1 ай |
6,84 АЕК | "; |
ескертпе мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
"***13-тармақта көрсетілген қызметтер үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ олардың аумақтық бөлімшелерінің қарамағындағы ұйымдар төлемақыдан босатылады.".
2. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары Р.А. Баялиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысы |
А. Нурпеисов |