БҰЙЫРАМЫН:
1. "Төлеушілердің жеке шоттарын жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 244 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16523 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың, сондай-ақ аванстық төлемдердің артық төленген сомасы, артық өндіріп алынған және қате төленген сомасын есепке жатқызу және (немесе) қайтару қағидаларында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу Қазақстан Республикасы кірістерінің бірыңғай бюджеттік жіктемесінің кірістердің тиісті коды "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерті мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 тіркелген) бойынша жеке жүргізіледі (бұдан әрі – бюджеттік сыныптама кодтары).";
17-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"қате фактісі анықталған кезде, мемлекеттік кірістер органының жасаған кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың қате төленген сомаларының туындау себептері туралы хаттамасы бойынша жүргізіледі.";
18-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым төлеушінің бір төлем құжаты бойынша кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың, аванстық төлемдердің сомаларын екінші қайтара аударуға әкеп соқтырған төлем құжатын қате орындаған кезде Кодекстің 112-бабына сәйкес:
төлеушінің банк шотынан ақшаны есептен шығарған немесе банкомат арқылы банк шотында төлемді жүзеге асырған кезде;
банкке ақшаны қолма-қол салған немесе екінші деңгейдегі банктің банк шотында – электрондық құрылғылары арқылы төлемді жүзеге асырған кезде қате аудару фактісі расталған кезде банктің өтініші бойынша мемлекеттік кірістер органы қате төленген сомаларды қайтаруды жүргізеді.";
20 және 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Төлеуші кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің өндіріп алынған сомасын қайтаруға сотқа өтініш берген кезде мемлекеттік кірістер органы Кодекстің 111-бабының 2-тармағында белгіленген мерзім ішінде, соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде төлеушінің шотына көрсетілген соманы қайтаруды жүзеге асырады.
21. Кедендік әкелу баждарын төлеу есебіне салықтар мен алымдар, сондай-ақ 2014 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес бюджетке төлеуге жататын өзге де төлемдер есепке алынады (бұдан әрі – Шарт).";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу есебіне аванстық төлемдердің сомаларын есепке жатқызуға төлеушімен өтініш берілген кезде мемлекеттік кірістер органдары кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу есебіне, сондай-ақ алдағы төлемдер есебіне аванстық төлемдердің сомаларын осы Қағидалардың 2-тарауында белгіленген мерзімдерде және тәртіпте есепке жатқызуды жүргізеді.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Төлеушінің жеке шотын жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Төлеушінің жеке шотын жүргізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 106-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және төлеушінің жеке шотын жүргізу тәртібін айқындайды.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Аумақтық қазынашылық бөлімшесінен электрондық төлем құжаттарын алған кезде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінде есеп шоттарды жүргізу үшін жауапты бөлімшемен төлем құжатында деректемелердің дұрыс көрсетілуі тексеріледі.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Резидент емес-жеке тұлғалар декларант болған жағдайларда кедендік баждаржы, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарлы, өсімпұлдарды, пайыздарды есепке алу бойынша мәліметтер аталған тұлғалар үшін ашылатын жеке шоттарда жеке басын куәландыратын құжаттардың және ерекше сәйкестендіру нөмірі негізінде көрсетіледі.";
16-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жоғарыда аталған мақсаттар үшін Тізілімді мемлекеттік кірістер органы кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды есепке жазуды (азайтуды) жүргізетін бөлімшелерінің лауазымды адамдары толтырады және төлеушінің тіркелген орны бойынша мемлекеттік кірістер органының есеп жүргізу үшін жауапты бөлімшесіне жолдайды.";
17-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Есеп жүргізуге жауапты бөлімше басшысының келісімі бойынша есеп жүргізуге жауапты лауазымды адам жеке шотқа жазба жүргізгеннен кейін есеп жүргізуге жауапты лауазымды адам Тізілімге тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде), күнін көрсете отырып және қолын қоя отырып, жеке шотта жүргізілген жазба туралы белгі қояды.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың, сондай-ақ аванстық төлемдердің есептелген, есепке жазылған, азайтылған, аударылған, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларын жеке шотта көрсетуді есепке алу мақсатында мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы төленушінің талабы бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке шоттар бойынша деректерді салыстыруды жүргізеді. Кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректері және төлеушінің деректері бойынша кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар, өсімпұлдар, пайыздар, аванстық төлемдер сомалары бойынша мәліметтердің ауытқуы анықталған кезде, ауытқулар анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органы және төлеуші туындаған ауытқуларды жою шараларын қолданады. Қажет болған кезде төлеушінің жеке шотына түзетулер енгізіледі.";
28 және 29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Жеке шоттарды жабу заңды тұлғаны тарату және жеке кәсіпкердің қызметін тоқтату, жеке тұлғаның жеке тұлғаның қайтыс болуы немесе соттың күшіне енген шешіміне сәйкес қайтыс болды деп жариялауы себебінен – уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерінің негізінде жүргізіледі.
29. Төлеушінің жеке шоты бойынша қалдық болған кезде кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар, өсімпұлдар, пайыздар, сондай-ақ аванстық төлемдердің сомалары бойынша есеп айырысуды салыстыру жүргізіледі.";
32-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бекітілген Артық (қате) төленген сомаларды есептен шығару актісінің даналары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің "Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары туралы" 2023 жылғы 25 тамыздағы № 235 бұйрығында және "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) (бұдан әрі – Құжаттама жасау қағидалары) көзделген талаптарға сәйкес мемлекеттік кірістер органында:
біріншісі данасы – есепті жүргізуге жауапты бөлімшеде;
екіншісі дана – мұрағатта сақталады.";
үшінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"Комиссияның құрамына міндетті түрде:
жеке шоттар жүргізу;
кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар, арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша өсімпұлдарды берешекті өндіру;
тауарлар шығарылғаннан кейін бақылау;
тауарлардың кедендік құнын айқындау;
құқықтық қамтамасыз ету үшін жауапты мемлекеттік кірістер органдары бөлімшелерінің басшылары кіргізіледі.";
алтыншы бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"Берешекті есептен шығарудың бекітілген актісінің даналары қатаң есептілік құжаттарын сақтау үшін Құжаттама жасау қағидаларында көзделген талаптарына сәйкес мемлекеттік кірістер органында:
біріншісі – есеп шоттарды жүргізу үшін жауапты бөлімшеде;
екіншісі – берешектермен жұмыс бөлімшілерінде;
үшіншісі – мұрағатта сақталады.";
осы Қағидаларына 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрықпен бекітілген арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының сомаларын есепке жатқызуға (қайтаруға) алып келетін мән-жайлардың басталуын растау қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Казақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 16 қаңтардағы № 24 Бұйрыққа 1-қосымша |
|
Төлеушінің жеке шотын жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
|
нысан |
Кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар, өсімпұлдар, пайыздар сомаларын есепке жазуға (азайтуға) тізілім
Р/с | Төлеушінің атауы | Жеке сәйкестендіру нөмірі /Бизнес сәйкестендіру нөмірі | Төлем (салық) түрі | Бюджет кірістері сыныптамасының коды | Тауарлар декларациясы және басқа құжаттар бойынша есепке жазуға (азайтуға) | ||||||||
Жеке шотқа жазба жасалатын құжат | төлеу мерзімі | төлем (салық) сомасы | өсімпұл сомасы | пайыздар сомасы | |||||||||
Құжат атауы | Есептілік түрі | Құжат нөмірі | Құжаттың күні | Есепке жазу үшін | Азайту үшін | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Тізілім тапсырылды:
____________________________________________________________________
(Есепке жазуды (азайтуды) жүргізетін мемлекеттік кірістер органы
бөлімшесі лауазымды адамдарының тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда), лауазымы және қолы)
Тізілім жеке шоттарда таратуды қабылдады және жүргізді:
__________________________________________________________________________
(Мемлекеттік кірістер органы бөлімшесі лауазымды адамының тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы және қолы)
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 16 қаңтардағы № 24 Бұйрыққа 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 244 бұйрығына 3-қосымша |
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызуға (қайтаруға) алып келетін мән-жайлардың басталуын растау қағидалары
1. Осы Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының сомаларын есепке жатқызуға (қайтаруға) алып келетін мән-жайлардың басталуын растау қағидалары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабы 15-тармағына сәйкес әзірленді және арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының сомаларын есепке жатқызуға (қайтаруға) алып келетін мән-жайлардың басталуын растау тәртібін айқындайды.
2. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының сомаларын есепке жатқызуды (қайтаруды) мемлекеттік кірістер органы төлеушінің өтініші келіп түскен күннен бастап Кодекстің 141-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде жүргізеді.
3. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының сомаларын есепке жатқызу (қайтару) Кодекстің 141-бабы 13-тармағының 3) тармақшасына сәйкес заң күшіне енген сот актісінің негізінде жасалады.
4. Арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының сомаларын есепке жатқызуға (қайтаруға) алып келетін мән-жайлардың басталуы Кодекстің 141-бабы 13-тармағының 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларымен белгіленген мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінен алынған есепке жазылған және төленген төлемдер бойынша мәліметтер болып табылады.