"Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қаңтардағы № 49 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 29 қаңтарда № 35686 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16669 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларында:

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. "Пирамида" есебі нәтижелері бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерде салық заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, ҚҚС-тың асып кету сомасының анықтығын растау талапта және (немесе) салықтық өтініште көрсетілген, салық заңнамасын бұзушылықтар анықталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге тиесілі ҚҚС асып кету сомасына азайтылған сомалар шегінде мынадай:

      1) өнім берушінің ҚҚС бойынша салық есептілігінде көрсетілген мәліметтер және (немесе) өнім беруші электрондық шот-фактуралар (бұдан әрі – ЭШФ) АЖ-да жазып берген шот-фактуралар бойынша мәліметтер арасындағы салыстыру кезінде анықталған өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша ҚҚС сомасын төмендету;

      2) өнім берушінің ҚҚС бойынша салық есептілігінде көрсетілген мәліметтер және (немесе) өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімінде көрсетілген мәліметтер және өзі сатып алған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша сатып алушының шот-фактуралар тізіліміндегі мәліметтер арасындағы алшақтық;

      3) Салық кодексінің 85-бабына сәйкес ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарылған, оның ішінде таратылған, әрекетсіз, банкрот болған тұлға ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап – осындай тұлғамен өзара есеп айырысу бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқызу;

      4) заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жарамсыз деп танылған мәміле бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқызу;

      5) басшыға (құрылтайшыға) қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216 және 245-бабында көрсетілген құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық істі Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеу фактісі бар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 245-бабы бойынша ақталатын негіздер және ақталмайтын негіздер бойынша қысқартылғандарды қоспағанда, өнім берушімен өзара есеп айырысу бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқызу;

      6) осы Қағидалардың 47-тармағында көзделген тәуекелдер анықталған өнім берушімен өзара есеп айырысу бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқызу;

      7) көрсетілетін қызметті алушыны тақырыптық тексеру аяқталған күнге ҚҚС-тың есепке жазылған сомаларын төлеу бойынша өнім берушілердің орындамаған салық міндеттемесінің болуы;

      8) көрсетілетін қызметті алушыны тақырыптық тексеру аяқталғанға дейін Салық кодексінің 6-тарауына сәйкес ҚҚС төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгертудің болуы;

      9) көрсетілетін қызметті алушыны тақырыптық тексеру аяқталған күнге қосымша салық есептілігін ұсыну арқылы салық міндеттемелерін азайту фактілерін ескере отырып, бірақ олармен шектелмей, жүргізіледі.";

      52-1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады