ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 05.04.2025 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11333 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:
11) тармақша алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Көлік құралдарын міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізуді техникалық қарап-тексеру операторлары көлік саласындағы уәкілетті органға көлік құралдарын техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне екінші санаттағы рұқсат алған күннен бастап жүзеге асырады.";
6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6-1. БАЖ операторы міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесі қызметтерін көрсетуге арналған шарт негізінде техникалық қарап-тексеру операторына міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметтерін ұсынады.
Міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесі қызметін алу үшін техникалық қарап-тексеру операторы БАЖ операторына:
өтінішті;
жеке басын куәландыратын сенімді деректерді;
техникалық қарап-тексеру орталығының атауы, нақты орналасқан жерінің мекенжайы, техникалық қарап-тексеру операторының заңды мекенжайы;
"E-gov" электрондық үкіметтің порталы арқылы ұсынылған дара кәсіпкерді тіркеу туралы куәлік және/немесе заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлікті;
жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы (немесе жылжымайтын мүлікті жалдау шартының көшірмесін);
аумақ пен үй-жайдың ҚР СТ 1811-2018 "Автомотокөлік құралдары. Міндетті техникалық қарап-тексеру. Бақылау әдістері" мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігі туралы ақпаратты;
арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету шартының көшірмесін (техникалық қарап-тексеру орталығының әрбір желісіне);
техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне рұқсаттың көшірмесін;
роликті тежегіш стендінің, люфтіні өлшегіш, газ талдағыштары және түтін өлшегіш, фаралардың жарығын тексерудің электрондық құралы, рульмен басқару және ілгіштің бөлшектерінде люфтілерді тексеру тестілері паспорттары мен сертификаттарының көшірмелерін;
ұтқыр/стационарлық, жеңіл автомобильдер, жүк автомобильдері немесе әмбебап техникалық қарап-тексеру станциясы көрсетілген ақпаратты;
паспортта көрсетілген әрбір жабдықтың ID сәйкестендіргіштерін көрсете отырып ақпаратты (тежегіш стенді, фаралардың жарық параметрлері, люфтіні өлшегіш, түтін өлшегіш, газ талдағышы, IP камера) ұсынады.
Екі және одан да көп техникалық қарап-тексеру орталықтары ашылған кезде БАЖ операторына міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметтерін алуға өтініш техникалық қарап-тексеру орталығының әрбір желісіне беріледі.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Техникалық қарап-тексеру операторы:
1) міндетті техникалық қарап-тексеру өткізу жөніндегі жұмыстарды орындау процесінде осы Қағидаларда белгіленген талаптарды сақтайды;
2) техникалық қарап-тексеру орталықтарының өндірістік үй-жайлары мен аумағын 1811-2018 "Автомотокөлік құралдары. Міндетті техникалық қарап-тексеру. Бақылау әдістері" ҚР СТ мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес сәйкестігін қамтамасыз етеді;
3) көліктік бақылау органына міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу құны мен мерзімдері туралы мәліметтерді ұсынады;
4) міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы нақты уақыт режимінде міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу нәтижелері бойынша механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне толық және анық мәліметтер береді;
5) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректеріне сәйкес келмейтін нөмірлік агрегаттарды (шасси, шанақ) ауыстыру, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жоқ не көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілгендерге сәйкес келмейтін белгілері бар, сондай-ақ оның конструкциясына, оның ішінде оның құрамдас бөліктерінің конструкциясына, жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін қосымша жабдықтау заттарына, қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтарға енгізілген өзгерістері бар көлік құралдарын техникалық қарап тексеруге ұсыну фактілері туралы ішкі істер органдарына жазбаша түрде шұғыл хабарлайды.";
43-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43-1. БАЖ операторы міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу тәртібін бұзғаны анықталған техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасының күшін жояды.
БАЖ операторы көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынған ақаулар туындаған кезде жол-көлік оқиғасы жасалған жағдайда көлік құралын техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасын жояды.
Диагностикалық карта жойылған кезде БАЖ операторы көлік құралының иесіне техникалық қарап-тексеруден қайта өту қажеттігі туралы хабарлайды.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігінде:
2-қосымшаның 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеру техникалық қарап-тексеру орталықтарында мынадай кезеңділікпен жүргізіледі:
1) әрбір 12 ай сайын – шығарылған жылын қоса алғанда, жылы 7 жылдан асатын, автомобиль көлігі саласындағы кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын М1 санаттағы, шығарылған жылын қоса алғанда, жылы 1 жылдан асатын N1-3, O1-4, L1-7, сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған және жабдықталғандарды қоспағанда арнайы және мамандандырылған көлік құралдары;
2) әрбір алты ай сайын – автомобиль көлігі саласындағы кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын М1 санаттағы, адамдарды тасымалдау үшін жабдықталған М2, М3, N, сондай-ақ шығарылған жылын қоса алғанда, жылы 1 жылдан асатын қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған және жабдықталған M1, N1-3, және O1-4 санаттағы.".
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
ҚР Көлік министрінің міндетін атқарушы |
М. Калиакпаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі