"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту жөніндегі жаратылыстану - ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 558 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 10 ақпандағы № 26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 11 ақпанда № 35723 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 558 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6518 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ көрсетілген бұйрықпен бекітілген техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидаларында мынадай өзгерістер енгізілсін:

      47-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) экологиялық туризмді дамытуды ескере отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақты жоспарлау жобасы және оның инфрақұрылымы (инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарын): туристік соқпақтарды, тамашалау алаңдарын, дем алу алаңқайларын, көлік тұрақтарын, оның ішінде электр желілеріне қол жеткізуге болатын орындарда электрқуаттау станциялары бар тұрақтарды, кемпингтерді, шатырлы лагерьлерді, қонақ үйлерді, мотельдерді, туристік базаларды, қоғамдақ тамақтандыру, сауда және басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді, құбырларды, электр және байланыс желілерін, жолдарды орналастыру орындары.";

      63-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) туризм инфрақұрылымын жоспарлау:

      аумақтың функционалдық аймақталуын, экологиялық талаптарды, эстетикалық талғамды, ұзақ мерзім қызмет етуін, туристер мен қоршаған орта үшін үнемді және қауіпсіз болуын ескере отырып, туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілерді: туристік маршруттарды (соқпақтарды), тамашалау алаңдарын, аялдау алаңқайларын, көлік тұрақтарын, оның ішінде электр желілеріне қол жеткізуге болатын орындарда электрқуаттау станциялары бар тұрақтарды, кемпингтер, шатырлы лагерьлер, қонақүйлер, мотельдер, туристік базалар (кешендер), қоғамдық тамақтандыру, сауда және басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді, бақылау-өткізу бекеттерін, аншлагтар (жоспарланып отырған объектілердің қысқаша сипаттамасымен және жол берілетін рекреациялық жүктемелердің, өткізу қабілетінің есеп-қисабымен) орналастыру орындарын айқындау;".

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Туризм және спорт министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс

      Министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Президентінің іс Басқармасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады