БҰЙЫРАМЫН:
1. "Көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 397-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23034 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларында:
бірінші абзац келесі редакцияда жазылсын:
"4. Сәйкестікті растау жөніндегі орган техникалық хатшылықпен көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру үшін ақпараттық жүйеде келесі құжаттарды ұсынады:";
11) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
"11) өнімнің көлік құралы типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеуге үшін негіз болып табылған КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестігін растайтын дәлелдемелік материалдар (типін ресми бекіту туралы хабарлама, сәйкестік сертификаты, сәйкестік туралы декларация, сынақ хаттамасы, техникалық сараптама хаттамасы);";
7-тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
"7. Көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеу дұрыстығы мен негізділігін тексеру кезінде техникалық хатшылық сонымен қатар тексереді:";
8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"8. Техникалық хатшылық көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексерудің оң нәтижесі кезінде осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексерудің қорытындысын рәсімдейді және көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ақпараттық жүйе арқылы бекіту үшін уәкілетті органға ұсынады.";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларға 3-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі |
А. Шаккалиев |
Көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексерудің қорытындысы
____________________________________ техникалық хатшылық
(ұйымның атауы)
_______________________________________________________________
(СРО атауы, аккредиттеу аттестатының нөмірі мен берілген күні)
сәйкестікті растау жөніндегі орган (бұдан әрі - СРО) берген сериялық
шығарылатын көлік құралдарына немесе шассиге, партияға ___ бірлік көлік
құралына немесе шассиге рәсімделген
№ _____________________________________________________________
(КҚТМ/ШТМ нөмірі)
көлік құралы типін мақұлдауларды (бұдан әрі – КҚТМ/ШТМ), шасси типін
мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін растайды.
Маркасы, типі __________________________________________________,
санаты ______________________________________________________,
өтінім беруші ___________________________________________________,
(көлік құралын өндіруші/өндіруші өкілі)
өндіруші _________________________________________________,
(өндіруші атауы, өндірілген мемлекет)
Бас директор _______________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы, күні)